Популярные темы

Биыл шетелдегі ең мықты университеттер елімізден филиалын ашады — министр

Дата: 08 июня 2023 в 21:08 Категория: Новости науки


Биыл шетелдегі ең мықты университеттер елімізден филиалын ашады - министр
Стоковые изображения от Depositphotos

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Қазақстанда қандай шетелдік университеттер өз филиалдарын ашатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биыл біз алты филиалды ашамыз. Ең жоғары көрсеткіште — Ақтөбедегі Жұбанов жоғары оқу орнының базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің филиалы. 20-21 маусымда Германия Федералдық президенті Штайнмайер мырза келеді. Біз Ақтауға барамыз. Yessenov University базасында неміс инженерлік институтының негізі қаланып жатыр. Бұл үлкен әрі қызық жоба. Қазақстанда алғаш рет толыққанды неміс білімін алуға мүмкіндік туады», — деді Саясат Нұрбек.

Министр Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен серіктестікте жасанды интеллект мектебі ашылып жатқанын атап өтті.

«Бұл өте маңызды жоба. Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында Ташкент инженер-ирригация институтының филиалы ашылып жатыр. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Ресей университетінің филиалы ашылды. Менделеев атындағы Химиялық-технологиялық факультетінің ашылуы, бұл біздің елімізге «Қазфосфатқа» кадрлар даярлауға және жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін мықты химия институты. Ұлытау өңірінде, Жезқазған қаласында жаңа техникалық университет ашылады. Мұнда канадалық университеттердің консорциумымен серіктестік жоспарланып жатыр», — деді ол.

Сонымен қатар, Саясат Нұрбектің мәліметінше, биыл Қазақстанда Канада университеттері, ең мықты британдық техникалық университет, неміс университеттерінің консорциумы, Оңтүстік Кореяның үздік университеті, Өзбекстанның ең мықты ұлттық зерттеу университеті және Ресейдегі жетекші химиялық технология университеттері келеді.

Сурет:elements.envato.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости науки
Поделитесь новостью с друзьями