Популярные темы

Қазақстанның кейбір өңірінде тұман түсіп, көктайғақ күтілуде

Дата: 05 февраля 2023 в 23:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның кейбір өңірінде тұман түсіп, көктайғақ күтілуде
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Қазақстанның 3 өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, 6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде тау асуларында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Шымкент қаласында 6 ақпанда түнде тұман түсуі мүмкін. 6 ақпанда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп болжануда. 6 ақпанда Қарағанды облысының оңтүстігінде бұрқасын болып, тұман түседі, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.

Фото: azertag.az

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями