Популярные темы

Астанада «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды

Дата: 21 сентября 2023 в 22:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанада
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Қазмедиа орталығының кинозалында «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz сайтының тілшісі.

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы туындысының тұсаукесері Astana Media Week форумының екінші күнінде кесілді.

Ұлттық арна ұсынған ақпарат бойынша фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады. 

«Тамаша туынды. Тарихты бұрмаламай, халыққа ұтымды жеткізе алды. Әр бір көрерменнің жүрегіне жетті деп ойламын», — дейді форумға қатысушы Құралай Омаш.

«Фильмде Семей туралы көп айталды. Мен Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз хатшысымын. Қазіргі біздің ғимаратымыз кезінде жандармерия болған. Соның жертөлесінде Алаш қараткерлері қамалған. Әрине жүрекке қаяу түседі, көз жасым тиылмады. Әйткенмен, бұл тарих. Түсірген жандарға мың алғыс», — дейді Дина Амренова.

Басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев премьераға қатысып, көрерменнің ықыласына бөленді.

Айта кетейік, фильм түсірілімінің көп бөлігі Қостанайда өткен.  

Бүгінгі күннен бастап, кинотуынды еліміздің кинотеатрларында көрсетілетін болады.

Сурет: автордікі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями