Популярные темы

ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады

Дата: 23 ноября 2023 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

ҰҚҚ Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.

«Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болуда», делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.

Сурет: ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями