Новости по теме "ғылым" — страница 9

Димаш ответил на вызов Токаева и прочел стих Абая

Источник: Sputnik Дата: 11 июля 2019 в 08:30

Димаш ответил на вызов Токаева и прочел стих Абая НУР-СУЛТАН, 11 июл — Sputnik. Знаменитый певец Димаш Кудайберген принял участие в челлендже – чтении стихов казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Вызов Димаш получил от президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. В своей записи в Instagram Димаш отметил, что «с большим уважением я принял эстафету прочтения стихов от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, посвященный 175-летию великого мыслителя и поэта Абая».

Поэтический челлендж: Токаев прочитал стих и бросил вызов Димашу — видео

Источник: Sputnik Дата: 09 июля 2019 в 19:40

Поэтический челлендж: Токаев прочитал стих и бросил вызов Димашу - видео НУР-СУЛТАН, 9 июл — Sputnik. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев принял поэтическую эстафету от девятилетней школьницы Ляйлим-Шамшырак, прочитав отрывок из стихотворения великого казахского поэта Абая Кунанбаева «Ғылым таппай мақтанба». Ранее в Сети появилось видео, на котором школьница по имени Ляйлим-Шамшырак наизусть зачитывает одно из стихотворений Абая и передает поэтическую эстафету президенту страны Касым-Жомарту Токаеву, министру информации и общественного развития Даурену Абаеву и певцу Сакену Майгазиеву.

Елорданың дамуына үлес қосып жүрген ақтөбеліктер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:42

Елорданың дамуына үлес қосып жүрген ақтөбеліктер Нұр-Сұлтан — өнердің, ғылым мен мәдениеттің ошағы. Бас қалаға жан-жақтан барып, еңбек етіп жүргендер көп. Оның ішінде қаланың дамуына, жандануына үлес қосып жүрген ақтөбеліктерді мақтанышпен айта аламыз. Елорданың медицина, білім, яғни барлық саласында ақтөбелік мамандар нәтижелі жұмыс жасап жүр. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанның дамуына үлес қосып жүрген жерлестеріміздің бірқатарын әңгімеге тарттық.

1000 атаудың тарихы зерттелді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:12

1000 атаудың тарихы зерттелді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер» сөздігі шығарылды. Сөздікте 1000 атауға, оның ішінде 720 топоним мен 280 антропонимге анықтама берілген. Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылды.

Ономастика және туған тіл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:32

Ономастика  және туған тіл Облысымыздағы ауылдар атының 95 пайызы, көшелер атауының 96 пайызы — қазақ тілінде. Бұл жөнінде кеше облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен өткен облыстық ономастикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Отырысқа онлайн режимінде барлық аудандар әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.Комиссия мүшелері назарына алдымен Әйтеке би ауданындағы Тымабұлақ ауылының атын өзгерту жөнінде мәселе ұсынылды. Қазақ тіліндегі нұсқасында ауыл аты осыған дейін қате жазылып келген болса, облыстық ономастикалық комиссияның шешіміне сай, енді «Тұмабұлақ» болып дұрысталды.Сондай-ақ жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева ономастика саласындағы жұмыстар, соның ішінде атауларды өзгертуді ғылыми тұрғыдан негіздеу бағытындағы істер туралы баяндады.Гүлайым Төлебаева бүгінгі күні облыста елді мекендердің басым бөлігіне тарихи атауы қайтарылғанын және, сауалнамалар көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыстарға тұрғындардың 96,3 пайызы оң пікірде екенін атап өтті.

Оқу жылы қалай қорытындалды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:42

Оқу жылы қалай қорытындалды? Облыстың білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан көп қолдау, көмек көрсетіліп жатыр. Бұған бір ғана мысал келтірсек жетіп жатыр: облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына бөлінеді. Осыншама қолдаудың лайықты қайтарымы да болуы керек. Білім саласының жетістіктері қандай? Облыстағы білім шаңырақтары оқу жылын қалай қорытындылады, жаңа оқу жылындағы басымдықтар және білім саласына байланысты басқа да мәселелер туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаевамен әңгімелескен едік.

Ақтөбе облысының ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 10:52

Ақтөбе облысының ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды Жастар жылы аясында 16-26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясының» ең үздік, жарқын және дарынды финалистері Алматы қаласында 10 күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық платформасында бас қосты.Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді.

«Күніне 200 хабар түседі». Қазақстанда тіркелген жұмбақ құбылыстар

Источник: TengriNews Дата: 02 июля 2019 в 17:53

Бүгін — Дүниежүзілік уфологтар күні.Оның «Беймәлім ұшатын нысан күні» деген тағы бір атауы бар. Халықаралық мереке күнінің таңдалу себебі — 1947 жылы жаз мезгілінде АҚШ-тың Нью-Мексико қаласындағы Розуэлл қалашығында белгісіз нысан табылған екен. Осыдан кейін көп адам мұны «бөгдепланеталықтар ұшатын нысан» деп атаған.

Алматыда Мөңке бидің көшесі бар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 16:12

Алматыда Мөңке бидің көшесі бар Алматыдан қуанышты хабар жетті. Оңтүстік астанамызда өз заманының қайраткері, дала данышпаны, би һәм әулие Тілеуұлы Мөңке атына көше беріліпті. Бұл жаңалықты Алматыда тұратын азамат Бақытжан Қосанов жеткізді. Көшені бағыттайтын белгінің суретін де салып жіберіпті.Шаһардың Алатау ауданында орналасқан Мөңке би көшесі Жұмағали Сайн, Бауыржан Момышұлы көшелерін қиып өтіп, Фариза Оңғарсынова көшесіне барып тіреледі екен. Қарама-қарсы бағыттағы үш-үш жолақтан алты жолақты құрайтын кең көшенің әзірге ұзындығы 6 километрден асады. Әзірге дейтініміз, Алматы қаласының бас жоспары бойынша, бұл көше әлі ұзартылып, Бішкек тасжолына барып тоғысатын көрінеді.Ақтөбедегі біздер Мөңке биге көше атауын қай қаладан берсе де артық болмайды дейміз ғой.

Оқу жылы қалай аяқталды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 10:52

Оқу жылы қалай аяқталды? Жақында Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева оқу жылының қорытындысына байланысты халық алдында есеп берді. Шараға облыс тұрғындары, мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ардагер ұстаздар, т.б. қатысты.Жиында сөз алған Л.Оразбаева бұл басқосудың Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасына орай ұйымдастырылғанын жеткізіп, өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылындағы басым міндеттер туралы баяндады.Басқарма басшысының айтуынша, облыстың білім беру жүйесіне үлкен қолдау көмек көрсетілетіндігі соншалық — бұл көмектің көлемін басқа салаларменса­лыстыруға да келмейді.

Қамқорлық пен мейірімнің мекені

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 10:32

Қамқорлық пен мейірімнің мекені Бала — біздің болашағымыз, басты байлығымыз. Сондықтан балалардың бақытты, білімді және тәрбиелі болуы үшін барлық жағдайды жасау — ортақ міндет. Ал жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты қолдау көрсету — бұл игілікті іс. Өткен тарихқа көз жүгіртсек, бұрын балалар үйі болмаған. Қазақ халқы жетімді басынан сыйпап, бауырына басқан.

Өңірлік бағдарлама өзгеріс әкеле ме?               

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2019 в 13:32

Өңірлік бағдарлама өзгеріс әкеле ме?                Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде «Ақтөбе облысының 2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенінің даму перспективалары» тақырыбында кеңейтілген жиын өтті. Оған облыс басшысы Оңдасын Оразалин қатысты. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, агротехникалық жоғары оқу орындары профессор-оқытушылары, ғылыми орталық мамандары, шаруа қожалықтары басшылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері осында бас қосты.Бүгінгі күні Ақтөбе облысы экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі 5 пайыздан аспайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 227 миллиард 500 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, оның 62 пайызы жеке шаруашылықтар үлесінде.Облыс басшысы Оңдасын Оразалин: «Елбасы ауыл шаруашылығына ерекше мән беріп, 5 жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруды тапсырды.

Жасыл желек және қатты тұрмыстық қалдықтар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2019 в 13:02

Жасыл желек және қатты тұрмыстық қалдықтар Жақында№28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Ілиясовтың төрағалық етуіменоблыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова жәнетұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары,қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Барлық кезең ағылшын тілінде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июня 2019 в 15:02

Барлық кезең ағылшын тілінде «Ақбөбек» мектеп жанындағы лагеріЖаз – балалардың ең сүйікті мезгілі. Демалыс уақыттарын жазғы лагерьде өткізген балалар естен кетпес қызықты сәттерді бастан өткізері анық.«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагерінде балалардың жазғы демалысы жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Демалыс 8 кезеңнен тұрады.

Елбасы Нурсултан Назарбаев заложил капсулу времени с посланием к будущему поколению

Источник: Nomad.su Дата: 24 июня 2019 в 03:33

Елбасы Нурсултан Назарбаев заложил капсулу времени с посланием к будущему поколению Пресс-служба Первого Президента РК – Елбасы, 21 июняПервый Президент Казахстана, выступая перед участниками церемонии, подчеркнул особую значимость послания для будущего поколения казахстанцев. — За годы Независимости Казахстан достиг немалых высот. Старшее поколение хорошо знает, через что нам пришлось пройти, чтобы сегодняшняя молодежь жила счастливо.

«Дала дидары» ән мен күйге бөледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 13:52

«Дала дидары» ән мен күйге бөледі Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр сахнасында Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығының«Дала дидары» атты өнер ұжымының кеші өтті. Шараның басында аталған орталықтың директоры, ақын Бауыржан Халиолла көрермендерге «Дала дидарының» Қадырақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында құрылғандығын жеткізді.— Бұл өнер ұжымының Ақтөбе облысына алғаш рет келуі. Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы осыдан төрт жыл бұрын ашылды.Орталықтың ерекшелігі — тек қана ақынның шығармашылығы насихатталып қана қоймай, ұстаздармен, музей, кітапхана саласының мамандарымен тығыз қарым-қатынас орнатылып, түрлікездесулер ұйымдастырылады.Көшпелі өнер ұжымы тек Батыс Қазақстан аймағында ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде өзінің шығармашылық сапарын бастады.

Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 13:22

Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл — қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты дәріс-семинарын өткізді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға мектеп мұғалімдері, оқыту орталықтарының оқытушылары ментіл мамандары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.Екі күндік оқыту семинары барысында аталған ғылыми-практикалық орталықтың Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы Сая Итеғұлова,филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбек қатысушыларды жаңа емле ережелерімен және латын графикасына енгізілген өзгерістермен таныстырды.— Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін түсіндіре алатын білікті мамандар даярлаудың маңызы өте зор.

Жұбанов университетінің бүгіні мен ертеңі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 13:02

Жұбанов университетінің бүгіні мен ертеңі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембековпен сұхбат— Университеттер заман талабына сай өзгеріп жатыр. Бұл тұрғыда Жұбанов университетінің бағыт-бағдары қандай? — Ең алдымен, жоғары оқу орындары дербестікке көшіп жатыр. Әр жоғары оқу орнының өз білім траекториялары болады, жеке өзінің дипломын бере бастайды.

Жүргенов аштырған мектептерге 85 жыл!       

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июня 2019 в 12:02

Жүргенов аштырған мектептерге 85 жыл!        Туған өңірдегі алғашқы мектептерМемлекет қайраткері, жерлесіміз Темірбек Жүргенов өнер саласымен қатар білім беру ісін өркендетуге де зор қызмет қылған үлкен тұлға еді. Оның «Годы работы Казахского высшего педагогического института» (Ташкент, 1928г.), «За ликвидацию недочетов в работе школе» (Большевик Казахстана, 1935, №4), «Задачи школ Казахстана в новом учебном году» (Большевик Казахстана, 1935, №9), – тізе берсе көп-ақ, – осындай мәні үлкен т.б. еңбектері бұған нақты дәлел.

Қайта бекітілген термин сөздер қолданысқа ене ме — Маман пікірі

Источник: TengriNews Дата: 21 июня 2019 в 18:43

Қайта бекітілген термин сөздер қолданысқа ене ме - Маман пікірі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек 3300 термин сөздің қайта бекітілуіне қатысты ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Айта кетсек, кеше, 20 маусымда министр Ақтоты Райымқұлова есеп беру кездесуінде халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілгенін, осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-ден астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілгенін мәлімдеген еді.

ЛАТЫН ЖАЗУЫНА КӨШУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 12:12

ЛАТЫН ЖАЗУЫНА КӨШУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ Маңғыстау облыстық тіл басқарма­сының басшысы Гүлзайда ТөлеуғалиеваЕліміздің рухани өміріндегі жаңалықтардың бірі – латыннегізді жаңа қазақ жазуына көшу. Ол заманның талабына сәйкес өркениетке бағытталған қадам екені белгілі. Осы бағытта Маңғыстау облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы қарқынды жұмыс жүргізуде.

Терминкомға қуатты мәртебе керек…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 12:12

Терминкомға қуатты мәртебе керек… Кезінде Франция президенті Миттеран терминком жиынын өзі басқарғанӨткен бейсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Мәдениет және спорт министр­лігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдасты­руымен «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Алқалы жиында Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев модератор болды.

Рухани жаңғыру жастарға не береді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 12:02

Рухани жаңғыру жастарға не береді? Нұрлан СЕРҒАЛИЕВ,М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорыШынайы жаңғыру руханият пен санадан бастау алады. Қоғамдық сананы ауқымды жаңғыртуға бағытталған бұл құжат – қазақ ұлттық мүддесінің стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа идеологиялық тұжырымдама болса, аталмыш бағытта жүйелі жұмыстар атқаруда оқу орындарының тұғыры қашан да биік болуға тиіс.Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарсыз, яғни қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдарсыз интеллектуалды ұлт қалыптастыру мүмкін емес.

Ұлттық жәдігерлер көрмесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:52

Ұлттық жәдігерлер көрмесі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласының Жетісу әкімдігімен бірлесіп ағайынды Құлменовтердің «Мұздай темір құрсанған…» атты қару-жарақ көрмесі ашылды. Көрмеге қазақтың 80-нен астам көне қару-жарағы, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары мен тұрмыстық бұйымдары қойылған.

Болашақтың бағдары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:42

Болашақтың бағдары Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылдық кітапханасында «Латын қарпіне көшу – болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысқан жиында кітапхана оқырмандары өздерін толғандырған ойларды ортаға салып, мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуінің тиімділігін талқылады.Латын қарпіне көшу мәселесі еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері талқыланып келеді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 2025 жылға дейін латын қарпіне көшу қажеттігін «Қазақстан – 2050» Стратегиясында мәлімдеген болатын.

Руханиятқа серпін берген…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:42

Руханиятқа серпін берген… Биыл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толады. Соған орай Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында облыстық өңірлік сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.Жиында кеңес төрағасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа міндеттер туралы кеңінен баяндады. – «Рухани жаңғыру» бір жылдық, екі жылдық бағдарлама емес, ол ұзақ мерзімге құрылған.

Жаңғырудың жаңа белесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:42

Жаңғырудың жаңа белесі Алматы теxнологиялық университетінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты жиын өтті. Жиынды аталған университеттің «Қазақ тілі қоғамы», «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы, «Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Сонымен, елімізде латын графикасын енгізудің өзектілігі қандай?

Қоғам және жастар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:42

Қоғам және жастар Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет уни верси тетінде «Қоғам дамуындағы жастардың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өтті. Өзгерістерге толы кезеңде жастар бойында патриотизм сезімін күшейту, ел дамуына қосар үлесін арттырып, жақсылыққа жұмылдыратын жігерлі күш әрі ұлттар ынтымақтастығында ұйытқы, мемлекет тұтастығына кепіл болатын жасампаздығын қалыптастыру мақсатында өткен халықаралық конференцияға Египет, Түркия, Ресей, Қазақ стан, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларының білікті ғалымдары қатысты.Шараның ашылу рәсімінде ең алдымен Қазақстанның және Египет мемлекетінің әнұраны орындалды.

Рухани қазына толыға түсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:32

Рухани қазына толыға түсті Жуырда Алматы қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде іске асып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған жаңа оқулықтардың таныстырылымы өтті.

Татулық пен тұрақтылық кепілі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 10:52

Татулық пен тұрақтылық кепілі Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ «Ана тілі» Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті. Осы жолғы сессия жұмысына «Бейбітшілік пен келісім формуласы: жаңғыру мен бірлік» тақырыбы арқау болды.
Показано 30 новостей из 1 588