Популярные темы

Риддерде жер сілкінісі болды

Дата: 10 февраля 2024 в 18:38


Риддерде жер сілкінісі болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді.

Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл. Жағдай тұрақты.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.

ТЖМ азаматтарға сабырлы болып, дүрбелеңге түспеуді сұрайды.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями