Новости по теме "ғылым" — страница 4

Есет батыр ескерткіші елдің рухын көтереді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2019 в 11:22

Есет батыр ескерткіші елдің рухын көтереді Есет Көтібарұлы есімі «Айман-Шолпан» эпосы арқылы иісі қазаққа тегіс мәлім. Есет Шекті Көтібар батырдың шаңырағында 1803 жылы дүниеге келген. Оның есімі қазіргі ұлттық «Қазақстан» энциклопедиясына, бұрынғы Қазақ совет энциклопедиясына (ҚСЭ, 1974 ж, 4-том, 188-189 бб.), облыстық «Ақтөбе» энциклопедияларына енген.Есет 15 жасында-ақ Жайық казактарына қарсы күресте көзге түсіп, «Батыр бала», ал кейін ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Жоламан Тіленшіұлы қозғалысында ерлік көрсетіп, сол кезден бастап халық ішінде Есет батыр атанған. Әкесі Көтібар батырдың тапсырмасымен Хиуа хандығына әлденеше рет барып, қазақтар мен хиуалықтар арасындағы даулы мәселелерді шешуге атсалысқан.Есет Көтібарұлы 1847-1858 жылдар аралығындағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісін басқарды.

Офицерлер үйі, кинотеатр, музей. 111 жыл бұрын салынған ғимараттың тарихы

Источник: TengriNews Дата: 01 ноября 2019 в 15:13

Офицерлер үйі, кинотеатр, музей. 111 жыл бұрын салынған ғимараттың тарихы Таяуда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көркін жойған бұрынғы тарихи нысандарды сақтап қалу мәселесін көтерген еді. Ол осы проблеманы шешу үшін сәулет келбеті сақталуы тиіс ғимараттар туралы мәліметтер жинап, қалалық ресурс іске қосылатынын айтқан. Солардың бірі — Алматының қақ ортасында орын тепкен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі ғимаратының тарихы ғасырдан аса уақытқа кетеді.

Шекаралас аймақтар арасында ынтымақтастық арта түсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:52

Шекаралас аймақтар арасында ынтымақтастық арта түсті Бүгінде Ақтөбе мен Орынбор өңірлерінің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы екі ел арасындағы келісімнің аясында тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен аптада облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Ресей Федерациясының Орынбор өлкесіне жасаған алғашқы ресми іссапары шекаралас өңірлер арасындағы осындай ынтымақтастықты одан әрі бекіте түсті.

Мейірім мерекесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:42

Мейірім мерекесі «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында Қамқоршылар күні аталып өтті. Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегенов, сондай-ақ қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер қатысты.— Қамқоршылар күні — бұл үлкен және мейірімді жүрегі бар адамдардың мерекесі.

Тарихи-мәдени мұраны жан-жақты зерттеу мақсатында облыста кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:42

Тарихи-мәдени мұраны жан-жақты зерттеу мақсатында  облыста кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр «Рухани жаңғыру» жобасының ақпараттық порталы болып табылатын ruh.kz сайтында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен сұхбат жарияланды.Әңгіме өңірдің мәдени әлеуеті, жаһанданған мәдениет пен жастар жайында, азаматтық парызы турасында, киелі жерден түлеген тұлғалар мен құндылықты ұғынатын, қастерлей білетін ұрпақ қалыптастыру хақында өрбіді.

Оқушылар жыр оқып жарысты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:52

Оқушылар жыр оқып жарысты «Анаға тазым» орталығында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлының өлеңдерін оқудан 8-10 сынып оқушылары арасында облыстық байқау өтті.Оған облыстың барлық аудандарында өткен аудандық кезеңнен орын алған 30-дан астам оқушы қатысты. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

Ашимбаев назвал получателей госзаданий на сумму более $1 млрд в обход тендеров и конкурсов

Источник: Nomad.su Дата: 31 октября 2019 в 10:43

Ашимбаев назвал получателей госзаданий на сумму более $1 млрд в обход тендеров и конкурсов Алматы. 30 октября. КазТАГИзвестный казахстанский политолог – член Национального совета общественного доверия Казахстана Данияр Ашимбаев назвал получателей государственных заданий на сумму более $1 млрд в обход тендеров и конкурсов, передает корреспондент агентства.«На сегодняшний день из государственного бюджета выделяется – без тендера или конкурса – почти 407,5 млрд. тенге по так называемым «государственным заданиям».

Ерназар-Бекет туралы не білеміз?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:32

Ерназар-Бекет туралы не білеміз? Облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының қазақ труппасы өзінің 29 — маусымын «Ерназар-Бекет» спектаклінің премьерасымен бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл шығармашылық жұмыстың мәні зор еді.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 1939 жылы жазған «Бекет» пьесасының желісімен дүниеге келген «Ерназар-Бекет» туындысы араға сексен жылдай уақыт салып театр сахнасына қайта оралып отыр.

Қазан: жиын-терін кезеңі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:32

Қазан: жиын-терін кезеңі Жалпы күз айларында, оның ішінде қазанда шаруа адамы жаз бойғы еңбегінің жемісін жинап, қысқа дайындалады. Осындай себептерден бұл кезеңде кім-кім де күннің әрбір сәтін тиімді пайдалануға тырысады. Биыл барлығы 457,3 мың гектар алқаптан 380 мың тонна астық жиналды. 94454 тонна көкөніс дақылдары қоймаға түсті.

Біліммен озған әулет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 10:22

Біліммен озған әулет Ұшқан ұяЕрмектің ата-анасы құйттай кезінде-ақ: «Оқы, оқысаң адам боласың» деп ұдайы құлағына құйып отыратын. Өйткені ол кісілер сол кездің өзінде өздерінің білімдері аз болса да, біліміне сенген адамдардың түбінде өз мақсатына жететінін білетін-ді. Мұны талай-талай тағдырды бастан кеше жүріп, өмірден түйген-ді. Әкесі Сәлімгерей Иманчиев киелі Құбасай-Қуырдақты саласының бойындағы Қызылқорған елді мекенінде дүниеге келген.

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту — Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

Источник: TengriNews Дата: 30 октября 2019 в 18:43

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар Қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруге міндеттеу не Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп ауыстыру немесе оқушыларға мүшеқап тарату туралы ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады. Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау2019 жылы 23 қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысының атына «Қазақ Республикасы» атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынды.

Алтын киімді сармат көсемінің қабірі табылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 октября 2019 в 10:32

Алтын киімді сармат көсемінің қабірі табылды Ақтөбе жерінен алтынмен әшекейленген киіммен жерленген адамның қабірі табылды. Археолог мамандар мұның үлкен жаңалық екенін айтып отыр.Биыл облыс әкімдігі мен Білім және ғылым министрлігінің Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтыбірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды қолға алған болатын.

Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 октября 2019 в 10:22

Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі Сенбі күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мен «Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен аталған университеттің мәжіліс залында «Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі» атты халықаралық конференция өтті.

Ақтөбе және Орынбор: ынтымақтастық нығая түсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 октября 2019 в 02:52

Ақтөбе және Орынбор: ынтымақтастық нығая түсті Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Орынбор қаласына барды. Сапар аясында екіжақты маңызды кездесулер өтті.Облыстың Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк және Қобда аудандары шекаралас жатқан Орынбор өңірі мен Ақтөбенің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы бүгінде екі ел арасындағы келісімнің аясында тиімді жүзеге асырылып келеді.Көршілес мемлекетке жасаған сапары аясында аймақ басшысын вице-губернатордың міндетін атқарушы — Орынбор облысы Үкіметі төрағасының әлеуметтік саясат жөніндег орынбасары Павел Самсонов қарсы алды.Бұдан кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор қаласындағы қазақ диаспорасымен, ондағы білім алып жатқан ақтөбелік студенттермен жүздесті.

Радикализмге қарсы бірлесе әрекет ету — заман талабы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 октября 2019 в 02:32

Радикализмге қарсы бірлесе әрекет ету — заман талабы 24 қазанда Ақтөбедегі Жастар сарайында қазақстандық, сондай-ақ Түркия, Ресей, Мысыр елдерінен келген теолог, дінтанушы, психолог мамандар, дін саласының қызметкерлері бас қосып, бүгінде әлемнің көптеген аймақтарында тамыр жайған радикализмге қарсы күрес мәселелерін талқылады. «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық сараптамалық алаң ретінде ұйымдастырылған бұл жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері қатысты.— Өздеріңіз білетіндей, әсіресе, жастар арасында экстремистік діни идеологияның таралуы — әлемде алаңдаушылық тудырып отырған мәселелердің бірі.

Құдайберген, Есет Жұбановтар есімі ұлықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 октября 2019 в 02:12

Құдайберген, Есет Жұбановтар есімі ұлықталды Кешеден бері Ақтөбеде қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Құдайберген Жұбановтың және асылдың тұяғы, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі әдебиетші-ғалым Есет Жұбановтың 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

«Баланы ешқашан күштеп оқытпаймын». Авторлық әдістемесімен білім беретін ұстаздың әңгімесі

Источник: TengriNews Дата: 25 октября 2019 в 14:33

Ұстаз — ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алған еді. Бұл жолы 40-тан аса мақала мен бірнеше оқулықтың авторы, 20 жылдан аса уақыт мұғалімдік қызметте жүрген Хасен Масғұтұлы жайлы материал ұсынамыз.Хасен Масғұтұлы — 50 жаста, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің аппараты «Астана ақшам» газетінің құрметті тілшісі. Қазір Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Жұлдыз деген ауылдағы мектепте жұмыс істеп жүр.

Ұлын іздеген хан, жау ала алмаған шаһар: Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққан?

Источник: TengriNews Дата: 25 октября 2019 в 10:03

Ұлын іздеген хан, жау ала алмаған шаһар: Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққан? Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.VIII — X ғасырларда салынғанТарихи деректерге сүйенсек, Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Ақыртас туралы XIII ғасырдың басында осы өңірге келген қытайлық саяхатшы Чан-Чунь алғаш рет жазған екен.

Бесінші мерейтойлық басылым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:12

Бесінші мерейтойлық басылым Қазақтың тұңғыш профессор-лингвисі Қ.Жұбанов еңбектерінің бесінші мерейтойлық басылымы ғалымның туғанына 120 жыл толуына орай оқырман қауымға жол тартпақ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен 25 қазанда өткізілетін «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ғалым шығармаларының толық жинағының тұсауы кесілмек.

Кемеңгер ғалымның дара тұлғасы ардақтала бермек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:12

Кемеңгер ғалымның дара тұлғасы ардақтала бермек Қарт тарихтың қай бетін ашсақ та, ұрпақ санасына ұлағат ұялатар сара жолға ұласқан соқпақтар сайрап жатыр. Елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу үшін жан аямай еңбек етіп, жанқиярлық ерлік көрсеткен тұлғалардың маңдай тері мен төгілген қанының табы айғызданған сүрлеулер… Сондай сүрлеу соқпақтан өтіп, өзіндік дара жолын қалыптастырған тұлғалардың бірегейі – Құдайберген Жұбанов. Қазақ тілінің болашағы үшін қажырлы еңбек етіп, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған, кейінгі ұрпаққа өзінің мол ғылыми мұрасымен танылған тума талант, тұңғыш лингвист-профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына және тектінің тұяғы, Ақтөбедегі линвистикалық мектептің негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың 90 жылдық мерейтойын өткізу біз үшін үлкен абырой. «Жұбанов тағылымы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы дәстүрлі түрде осымен 10-рет ұйымдастырылып отыр.Халқымыздың «тіл тағдыры — ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры — ел тағдыры» деген ұстанымын жанына берік ұстап, осы жолға бар саналы ғұмырын арнаған тұғырлы тұлғалар – Құдайберген Жұбанов пен Есет Жұбановтың қазақ тіл білімі ғылымындағы зерделі зерттеулері мен құнды ойларын халқымыздың сарқылмас рухани байлығы деп білеміз.Зерек зерде иесі Қ.Жұбановтың қазіргі ғалымдардан бір ерекшелігі – ол тілдің тек бір саласының аумағында қалып қоймай, тіл білімінің барлық саласына да қалам тартып, тілдің ішкі-сыртқы жағдайларының көп жұрт аңдай бермейтін тұстарын терең тани білген ғалым болды.Небары 38 жасында қызыл қырғынның кесірінен қыршынынан қиылған, әлемдік лингвистиканың озық дәстүрін толық игерген ғалым қазақ тіл білімі мен түркология мәселелеріне қатысты «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деп аталатын ғылыми еңбекті бастап, оны серияларға бөліп, 10 сериясын жазып бітірді. Әдебиеттанудағы аяқталмай қалған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында алғашқылардың бірі болып абайтанудың концепциясын түзді.

Ақтөбеде Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлын ұлықтау шаралары өтеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:02

Ақтөбеде Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлын ұлықтау шаралары өтеді «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады», — деп жазды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Келешек ұрпағын, яғни бізді қорғау үшін аянбай күресіп, бар ғұмырын ат үстінде өткізген аяулы бабаларымыздың алдындағы біздің басты парызымыз — олардың дүниетанымынан, салт-дәстүрлерінен, мәдениеті мен рухани жолынан ажырамау, сол жолды жалғастыру.

Үміт үзеңгісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:12

Үміт үзеңгісі Өлеңге таласы бар өзіндей жастармен қанаттасып жүрген темірлік Ершат Қайболдиннің биылғы табыстарының бірі — аудан әкімдігінің қолдауымен алғашқы жыр жинағын жарыққа шығарғаны. Қазақ айтысының қазіргі белгілі өкілдерінің біріне айналған жас ақынның жазба өнерге басқан қадамына үміт арта отырып, оқырман қауымға оның осы жинағына жазылған алғысөз бен өлеңдер топтамасын ұсынып отырмыз.Бұл жинақтың атауының өзі қызық: «Мен қыз іздеймін».

Өнегемен өрілген өмір

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:12

Өнегемен өрілген өмір Ерте есейетін адамдар болады. Ол екі жағдайда кезігеді деп ойлаймын, не тұрмыстың мәжбүрлеуімен, не туабітті табиғи жаралымынан пайда болса керек. Рамазан Нұржановтың ерте есеюіне осы жағдайлардың екеуінің де қатысы бар дегім келеді. Оның тұрмыспен байланысы бар, біріншісі – шыр етіп өмірге келген отызыншы жылдардың бас жағы – большевиктік аласапыран, жоқ жерден жау іздеумен біреуді-біреудің соңына салып қойған күдікті, мәлімсіз, құбылмалы уақыт еді. Құбылмалылық қуатты келсе, адамдарды өзінің ыңғайына бейімдеп, ығынан пана іздеуге мәжбүрлейтіні ежелден мәлім.

Диграфтар, пернетақтаға сай емес әріптер. Латын әліпбиіне көшудегі басты проблемалар аталды

Источник: TengriNews Дата: 22 октября 2019 в 14:13

Диграфтар, пернетақтаға сай емес әріптер. Латын әліпбиіне көшудегі басты проблемалар аталды Латын графикасына көшу барысында халық тарапынан сынға көп ұшыраған әріптер — диграф әріптер. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның ғалым хатшысы Анар Фазылжан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Анар Фазылжанның айтуынша, қазіргі уақытта орфографиялық комиссия осы мәселемен айналысып жатыр.«Үлкен дау шығарып отырған әріптер — диграф әріптер, яғни бір дыбысқа салынған екі әріп.

Құдайберген Жұбанов  және  тіл философиясы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 октября 2019 в 10:32

Құдайберген Жұбанов  және  тіл философиясы Құдайберген Жұбанов мұраларының ұлттық рухани жаңғыруымыздағы орны оның тіл саласындағы ерен еңбегімен ғана емес, музыка, жалпы өнер, рухани әлемімізді дамытуға зор үлес қосқан тарихи тұлғалар туралы, ұлттың рухани — әлеуметтік салалары бойынша жазған еңбектері мен ғалымдық, ұстаздық ұлағаттарынан, қоғам қайраткері ретінде атқарған істерінен де жан-жақты көрінеді. Әрине, ол — ең алдымен тіл маманы ретінде, қазақ тілі жөніндегі зерттеулері арқылы ғылыми ортаға танылған тұлға.

Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер. 2-бөлім

Источник: TengriNews Дата: 22 октября 2019 в 08:43

Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер. 2-бөлім Елімізде түрлі қылмыспен істі болып, кейін мерзімінен бұрын босап шыққан шенеуніктер аз емес. Экс-шенеуніктер түрлі себеппен өз жазасын жеңілдетіп, уақытынан бұрын шартты түрде шығып жатады. Өткен аптада мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан экс-шенеуніктер туралы материал жарияланған болатын. Тengrinews.kz тілшісі материалдың екінші бөлімін ұсынады.Ескерту! Өтелген жаза мерзімдері сот үкімі шыққан күннен бастап есептелді, сот шешіміне дейін шенеуніктер уақытша ұстау изоляторында немесе үй қамауында отырған болуы мүмкін.Ержан Өтембаев20 жылдың орнына — 8 жыл, 9 ай© vlast.kzЕржан Өтембаев бұрын Сенат аппаратын басқарған, табысты мемлекеттік қызметкер болған.

Аймағамбетов әліппені қайтару туралы: Ешқандай эксперимент керек емес

Источник: TengriNews Дата: 21 октября 2019 в 11:33

Аймағамбетов әліппені қайтару туралы: Ешқандай эксперимент керек емес Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектеп бағдарламасынан алып тасталған әліппеге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, биыл министр мектептерге әліппені қайтаруға уәде берген еді. Ведомство басшысының айтуынша, 2021 жылы қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсынұлының әдістемесі негізінде енгізіледі.Аймағамбетов қазіргі уақытта әліппені қайтару бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты.«Әліппе көптен бері көтеріліп жүрген мәселе.

Хирургтер кеңесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:52

Хирургтер кеңесі Елімізде жылына 250 мың хирургиялық операция жасалса, соның 13 мыңнан астамы біздің облыста жүзеге асады. Технология дамыған сайын жедел хирургия бағытында да өзгерістер көп. Ақтөбеде алғаш рет өткен Қазақстан хирургтер қоғамының ІІ пленумында осы мәселелер талқыланды. Қаланың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Түркия, Оңтүстік Корея, Литва, Ресей елдері мен республиканың әр аймағынан ғалымдар, бас хирургтер келді.

Бірінші кезектегі проблема — жол мәселесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:32

Бірінші кезектегі проблема — жол мәселесі Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Ол алдымен облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының жұмысымен танысты. Сегіз мультимедиялық оқу кабинетімен жабдықталған мекеменің бөлімдері Хромтау, Мәртөк, Қарғалы, Алға, Қобда, Мұғалжар аудандарында жұмыс жасайды.Орталық басшысы Клара Серғазина облыс әкіміне жетістіктері мен оқу жүйесінің ережелері туралы айтып берді.

Қазанғаптанушылар бас қосты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:22

Қазанғаптанушылар бас қосты Ақтөбеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен насихаттау және «Ұлы мұра» халықаралық жобасын жүзеге асыру мақсатында күйші-композитор Қазанғап Тілепбергенұлының 165 жылдығына арналған «Фольклор және аспаптық музыка — тұрмыстық ахуалдың негізгі замандағы көрінісі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Ақтөбе қаласының әкімдігі және Nur Otan партиясының қалалық филиалының қолдауымен өткен халықаралық деңгейдегі шараға Қазанғаптың домбырадағы орындаушылық мектебін зерттеуші, күйші Еділ Басығараев, сондай-ақ, Нұрболат Жанаманов, Жайлау Асылханов секілді белгілі күйшілермен қатар Ресейдің Мәскеу қаласынан Гнесиндер атындағы РМА оқу жұмысы бойынша проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Базиков, Ресей халық ұлт-аспаптар кафедрасының оқытушысы Ольга Васильева, Санкт-Петербург консерваториясының аға оқытушысы, композитор Владимир Конов, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы Калмурза Кубанов, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты Раушан Малдыбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының өнертану ғылымдарының магистрі Нұргүл Жақыпбек секілді ғалымдар арнайы келді.Шараның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева тақырып маңыздылығына тоқталды.— Бүгінгі шара құтты мекен Ақтөбеде дәстүрлі түрде араға 5 жыл салып ұйымдастырылып келеді.
Показано 30 новостей из 1 590