Новости по теме "ғылым" — страница 5

Нұрсұлтандық кардиологтар балаларды тексерді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:02

Нұрсұлтандық кардиологтар балаларды тексерді Ақтөбе медициналық орталығы балалар стационарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медициналық ғылыми орталықтан келген кардиологтар бір апта бойы науқас балаларды тексерді. Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағанбетовтің айтуынша, Ұлттық орталық пен Ақтөбе медициналық орталығының арасында меморандум бар.

Ғибратты ғұмыр иесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:22

Ғибратты ғұмыр иесі Кеше Жастар сарайының «Мәңгілік ел» конференц-залында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының ғылыми-педагогикалық қызметіне арналды.Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған облыс басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ бұрынғы шақырылымдардағы Парламент депутаттары, белгілі ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері, аталмыш оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, белгілі кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және студент жастар қатысты.Жиынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков ашып, алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімі Оңдасын Оразалинге берді.— Мен осы киелі шаңырақта білім алдым, Амангелді Айталының өзімнің ұстазым екенін әрқашан үлкен мақтанышпен айтамын.

Олжалы отыз жыл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:22

Олжалы отыз жыл Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өз топырағында өгейлік көрген қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақтарға балаларын туған тіліндегі балабақшалар мен мектептерге беруге мүмкіндік әперу мақсатында құрылған болатын. Биыл бұл ұйымның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бейсенбі күні Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында осы мерейтойға арналған салтанатты жиын өтіп, отыз жылда қоғам жұмысына, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге белсене атсалысқан бір топ тіл жанашырларына марапаттар табысталды.Алдымен мінбеге халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев көтеріліп, қоғамның құрылуы, отыз жылдық тарихы, атқарылған істер және алға қойылып отырған мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады.— Отыз жылда қыруар істер атқарылды.

Нұрлы ақылдың сәулесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:52

Нұрлы ақылдың сәулесі Әр заманның өз тұлғасы, геройы бар. Кезінде Ұлы Абай «қалың елі, қазағы, қайран жұртына» «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп жар салды. Керек те болған шығар. Заман өзгеше болды ғой. Ал қазіргідей ақпараттық заманда «Осы жұрт Айталыны біле ме екен?» деп, өз білгенімізбен бөлісуге қандай негіз бар?

Отыз жылдық белес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:52

Отыз жылдық белес Кенжеғали КЕНЖЕБАЕВ,халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигіХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы 1989 жылдың екінші жартысында құрылды. Бүгінгі күні 641 бастауыш ұйымда 130 мыңнан астам мүше тіркелген.Ең алдымен қоғамның облыстық ұйымының басқармасы атынан газет оқырмандары, тіл жанашырларын халықаралық қоғамның құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтағым келеді.Әңгімені құрамында бір миллионнан астам мүшесі бар, халықаралық мәртебеге ие қоғам тарихынан азын-аулақ мәлімет беруден бастаған жөн. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта тұсынан бастап мызғымастай берік деп дәріптеп жүрген Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, кенеуі кете бастады.

Амангелді АЙТАЛЫ: Қоғамдық сана ауыстыра салатын техникалық құрал емес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:42

Амангелді АЙТАЛЫ: Қоғамдық сана ауыстыра салатын техникалық құрал емес Қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Республикамыздың зиялы қауымы өкілдері, есімі елге елеулі азамат, жаны жайсаң жан Амангелді Айталыны осы үш бірдей биік қасиетті бір бойына тоғыстыра білген асыл азамат ретінде біледі деген ойдамыз. Оның қайраткерлігі мен ел-жұртқа деген жанашырлығы Парламент Мәжілісінің екі дүркін депутаты болған жылдарында анық көрінсе, ғалымдығы мен ұстаздығы қазіргі күні де елдің рухани әлеуетін байыта түсуге қосылған бір үлес ретінде қызмет етіп келеді.

Ұлт мақтанышы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:42

Ұлт мақтанышы Жетістігі мен табысы көз қуантқан, сонымен қатар олқылықтары мен кемшіліктері жанымызды ауыртқан біздің бүгінгі күрделі қоғамда «халқым» деп қабырғасы қайысатын, «қазағым» деп ұлттық құндылықтарымызды түгендеп жүретін азаматтар бар екені анық. Соның бірі әрі бірегейі —Амангелді Әбдірахманұлы АЙТАЛЫ!Әр азаматтың кісілік келбеті көп жағдайда адамгершілік қасиеттерінен және халқы үшін жасап жүрген ісінен көрінеді ғой.

Амангелді Айталы — 80

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:32

Амангелді Айталы — 80 Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 80 жасқа толып отыр. Ол — білім беру саласында жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткен ұстаз, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әулетіндегі ұстаздардың жалпы еңбек өтілі үш ғасырдан асқан ардагер мұғалім

Источник: TengriNews Дата: 18 сентября 2019 в 13:23

Әулетіндегі ұстаздардың жалпы еңбек өтілі үш ғасырдан асқан ардагер мұғалім Ұстаз — ұлы тұлға. Бүгінде бар өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алды. Бұл жолы өмірін білім беру саласына арнаған ардагер ұстаз Қыпшақбай Кенжебек Қыпшақбайұлы жайлы материал ұсынамыз.

Бопай ханымның есімі ұмытылмайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 сентября 2019 в 10:42

Бопай ханымның есімі ұмытылмайды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ханы Әбілқайырдың өмірлік серігі, Қазақ хандығының Әбілқайыр хан тұсындағы және одан кейінгі дәуіріндегі қоғамдық-саяси өміріне зор үлес қосқан мәмілегер ханым, зерделі саясаткер Бопай Сүйіндікқызының есімін ұлықтауға арналған «Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның қазақ мемлекетін қалыптастырудағы рөлі» атты тарихи-танымдық шара өтті.Оған зиялы қауым өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихында өзіндік орны бар, Кіші жүздің ұлы ханы Әбілқайыр хан мен Бопай ханым есімін өскелең ұрпақ санасында жаңғырту.Басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай мен философия ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Айталы Бопай ханым туралы әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілу керектігін жеткізсе, маңғыстаулық ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан Бопай ханымның өнегелі өмір жолын насихаттау мақсатында деректі фильм түсіру қажет екенін айтты.

Амангелді Айталыны құттықтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 13:22

Амангелді Айталыны құттықтады Облыс басшысы Оңдасын Оразалин қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының шаңырағында болып, ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.Облыс әкімі той иесіне ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы атанған ғалым ұзақ жылдар ұстаздық етті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 11:42

Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады 31 тамыз-4 қыркүйек күндері Францияның Париж қаласында Еуропалық кардиологтар қоғамының конгресі өтті. Оған 150 мемлекеттен 31 мыңға жуық делегат қатысты. Олардың қатарында қазақстандық кардиолог дәрігерлер де бар. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, Қазақстан кардиологтар қауымдастығының Ақтөбе филиалының директоры Бекболат Жолдин әлем кардиологтары бас қосқан үлкен жиынға қатысып қайтты.

Бұқара

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 11:02

Бұқара НҰРБОЛҒА КӨМЕК КЕРЕК! 35 жастағы шалқарлық Нұрбол Дүйісовтің арбаға таңылғанына екі жылдан асты. Ол аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар орталығында кеңесші болып жұмыс жасайды. Дерті жанына батқан жоғары білімді маман қазірде көпшіліктің көмегіне мұқтаж. «Бойымдағы дерт бала күннен бар. Кішкентайымнан бүйрегім ауырады.

507 мың адамның несиесі өтеледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 сентября 2019 в 11:32

507 мың адамның несиесі өтеледі Елімізде белгілі бір санаттағы азаматтардың шағын несиелері өтеле бастады. Үкіметтің бұл шешімі аз қамтылған отбасыларды несиенің «қамытынан» босатуға барынша септігін тигізіп отыр. 26 маусым күні Президенттің«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығы, іле-шала осы Жарлыққа түсініктеме жария етілді.

Латын қарпіне  көшу — рухани жаңғыру жолындағы қадам

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 сентября 2019 в 11:02

Латын қарпіне  көшу — рухани жаңғыру жолындағы қадам «Рухани жаңғыру» бағдарламасында 2025 жылға қарай елімізде мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліп­биіне көшіру көзделген.Дүйсенбі күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешев пен облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.— Латын әліпбиіне көшуқазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­терін меңгеру, соған ілесу үшін қажет.

Адасушылықтың алдын алу жолы — ағартушылық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 сентября 2019 в 10:42

Адасушылықтың алдын алу жолы — ағартушылық Қазақстан —көптеген ұлт өкілдері тұратын зайырлы мемлекет. Мемлекетіміз жүргізетін саясат ұлттар арасындағы татулықты сақтап қана қоймай, олардың өзара түсіністікте, тең құқықта өмір сүруін қамтамасыз етіп отыр.Қазақстан — бір шаңырақ астында сан ұлттарды ұйыстырып қана қоймай, іргелес жатқан елдермен де етене араласып, бейбіт мәміледе, көркем қарым-қатынас жасап келе жатқан жасампаз ел.Бүгінде жер-жерге үрейін сепкен діни экстремизм мәселесі әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр.Біздің ойымызша, онымен күресудің ең басты тетігі — осы жолда күш біріктіріп, бірлесе әрекет ету болмақ.Қазақстандағы бүгінгі діни ахуал тұрақты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылмандардың басын біріктіру жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Несие қарызын кешіру — Тізімде болмасаңыз не істеу керек?

Источник: TengriNews Дата: 09 сентября 2019 в 16:33

Несие қарызын кешіру - Тізімде болмасаңыз не істеу керек? 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Президент қол қойған бұл Жарлық «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» деп аталады. Көмектің мақсаты — қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру.

Министрліктің алғысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 13:22

Министрліктің алғысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен облыс әкімі Оңдасын Оразалинге жеделхат келді. Онда былай делінген:«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің ағымдағы жылғы 29 маусымдағы Түркістан облысы Арыс қаласындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдары тарапынан Арыс қаласындағы балалардың демалысын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы лагерьлерден 4 715 балаға, оның ішінде Ақтөбе облысының әкімдігінен 200 орын бөлінді.

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 12:52

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы Қазақ әдебиеті әлемдік әдеби процесте өзіндік бағаға иеленуде. Өткен ғасырларда түрлі себептермен қазақ даласын сапарлаған жандар халқымыздың мәдениеті, оның ішінде сөз өнері хақында мағыналы тұжырымдар жасағандығы тарихтан белгілі.Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстан күллі әлемге танылып отырған шақта тілі мен әдебиетіне, музыкасы мен тұрмыс-салтына қызғушылық арта түсуде.Қазақтың рухани байлығы әлемдік өркениеттің төріне қарай бағыт алуда.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық сипаттағы мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Этномәдени бірлестік өкілдері Президент жолдауын қолдайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 11:52

Этномәдени бірлестік өкілдері Президент жолдауын қолдайды Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында этномәдени бірлестік өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады. Жиында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытгүл Снабаева Жолдаудың негізгі бағыттарын тағы бір атап өтіп, қоғамдық келісімді нығайту тұрғысында айтылған бөліміне жіті тоқталды.— Бұл жолғы тарихи құжатта тек қана еліміздің әлеуметтік жағдайына ғана емес, экономикалық жағдайына да ерекше мән берілген.

«Заманың түлкі болса, тазы болып шап» — Қыдырәлі Болманов жаңа қызметі жайлы

Источник: TengriNews Дата: 04 сентября 2019 в 17:23

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып танымал қазақтандық әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов тағайындалған болатын. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жаңа қызметі жайлы айтып берді. Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, оның бұл қызметке кірісіп кеткеніне бір аптадай болыпты. Ал оны бұл қызметке шақырған қазіргі мәдениет және спорт министрінің өзі екен.«Ақтоты Рахметоллақызын мықты композитор, кәсіби маман ретінде бұрыннан танимын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 сентября 2019 в 11:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар!Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінжаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Облыстық тамыз кеңесі: жаңа оқу жылы және ерекшеліктер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 августа 2019 в 13:02

Облыстық тамыз кеңесі:  жаңа оқу жылы және ерекшеліктер Кеше Өнер орталығында «Bilim ja’ne g’ylym» тақырыбында облыс педагогтерінің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. Жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтар — «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымның жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.

Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды

Источник: TengriNews Дата: 29 августа 2019 в 11:03

Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды ҚР Парламент Мәжілісіне жаңадан тағайындалған депутаттардың жалақысы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Еске салайық, 16 тамызда Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұржан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдық Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында жаңа депутаттардың жалақысы және оған қосылатын үстеме тікелей еліміздің заң талаптары аясында жүзеге асырылатыны айтылады.«Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы — 684 874 теңге және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады», — делінген ресми жауапта.Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соңғы рет Мәжіліс депутаттарының жалақысы 2017 жылы қазан айында өзгерген.

Абайды танып болдық па?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 августа 2019 в 10:32

Абайды танып болдық па? (Ақынның әдеби ортасын зерттеудегі көкейкесті мәселелер)Қазақ әдебиетінің іргелі саласының бірі — абайтану ғылымы бүгінгі таңда жаңа пайымдаулар тұрғысынан жан-жақты зерттеулерге зәру. Әрине, қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алған күндерден бастап, абайтану ғылымы да тәуелсіз ойларға толы біраз еңбектермен толықты.

Тері өңдеу: дәстүрлі технологияның негізі — ежелгі әдіс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 августа 2019 в 10:22

Тері өңдеу: дәстүрлі технологияның негізі — ежелгі әдіс Юнеско сарапшылары шұбарқұдыққа келдіӨткен аптада облыс орталығындағы «Ақтөбе» қонақүйінің мәжіліс залында «ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенциясын іске асырудың халықаралық тетіктері» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Аталған шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросы және облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырды. Үш күндік семинарға облыстық, аудандық және қалалық мәдениет мекемелерінің, кітапханалар мен музейдің қызметкерлері, тарихшылар, өнер адамдары қатысты.

Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?

Источник: TengriNews Дата: 28 августа 2019 в 17:03

Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек? Ұстаз — ұлы тұлға. Ал ұстаздық мансап жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Бүгінде бүкіл өмірін мұғалімдік қызметке, мектепке және балаларға арнаған ұстаздар жетерлік. Осы мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алды.Бұл жолы өмірін білім беру саласына арнаған ұстаз Жанаргүл Дәрібаева жайлы материал ұсынамыз.

Басты талаптың бірі — үш ауысымды мектептер мәселесін шешу

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 августа 2019 в 12:12

Басты талаптың бірі — үш ауысымды мектептер мәселесін шешу Өткен сенбі күні Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында «Келешекке — кемел біліммен» аттыАқтөбе қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Оған Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласының ардагерлері, сондай-ақ педагогтар қатысты.Алдымен қала әкімі Мавр Абдуллин бастаған топ ғимарат фойесінде қала мектептері ұйымдастырған көрмені тамашалап, өнертапқыш, талантты оқушылармен тілдесті.Жиында Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов 2018-2019 оқу жылының қорытындысын баяндап, алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.— Бүгінде Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты 241 білім беру мекемесі бар. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 51,3 пайызды құраса, үлгерім сапасы — 99,9 пайыз.

«Көкжиде» жерасты суларының проблемалары назарда тұр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 августа 2019 в 11:22

«Көкжиде» жерасты суларының проблемалары назарда тұр «Көкжиде» құмды алқабымен аттас, жерасты ауызсуы шығатын «Көкжиде» бірегей кен орны Ақтөбе облысының аумағында, Темір және Мұғалжар аудандарының шетінде орналасқан.«Көкжиде құмдары» мен «Көкжиде жерасты сулары» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы №1212, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №932, 2007 жылғы 21 маусымдағы №521, 2011 жылғы 24 мамырдағы №568 қаулыларымен аса экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан маңызды ретінде республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың геологиялық және гидрогеологиялық тізіміне енді.«Құмжарған» теліміне Құмжарған құмдары мен орман алқабы кіреді.

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды?

Источник: TengriNews Дата: 27 августа 2019 в 09:53

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды? Сүндеттеу салтымыз ғана емес, қазіргі таңда медициналық жағынан пайдасы бар екені айтылып келеді. Бірі дәстүрлі әдіс — молдаларға сүндетке отырғызып жатса, ендігі бірі хирургтердің көмегіне жүгініп жатады. Қостанай облысында 10 бала сүндетке отырғызу ережелері дұрыс сақталмағандықтан ауруханаға түскен.
Показано 30 новостей из 1 566