Популярные темы

Қазақстан мұздатылған етті Иранға экспорттайды

Дата: 07 декабря 2023 в 11:08 Категория: Новости стран мира


Қазақстан мұздатылған етті Иранға экспорттайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан Иранға мұздатылған етті экспорттауға келісті. Бұған дейін өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл құжат отандық мал өсірушілердің мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық бағыттарын ашады.Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 тәулікке дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын».Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

Қазақстандық тарап ЕАЭО және Қазақстан Республикасы инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстан Республикасына сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости стран мира
Поделитесь новостью с друзьями