Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "талдау"

32 кәсіпорынмен жүргізілген келісім ауаны ластаушы заттар эмиссияларын төмендетуге ықпал ете ме? 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: сегодня в 10:42

32 кәсіпорынмен жүргізілген келісім ауаны ластаушы заттар эмиссияларын төмендетуге ықпал ете ме?  №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы түріндегі көпшілік тыңдау өтті. Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бағлан Баймағамбетов, сондай-ақ облыстық мәслихаттың депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма, департамент басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мектеп менеджменті: жұмыс және сапа

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 13:22

Мектеп менеджменті: жұмыс және сапа «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру». Ақтөбеде ұйымдастырылған орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы осындай тақырыпта өтті. Шараның өтуіне ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, сондай-ақ, біздің облыстың және Батыс Қазақстан облысының білім басқармалары ұйытқы болды.

Әке жолын жалғастырған ғалым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2019 в 12:52

Әке жолын жалғастырған ғалым Қазақ ғылымы мен өнеріндеөшпес із қалдырған ағайынды Жұбановтар мен олардың талантты ұрпақтарының ел игілігі жолында сіңірген еңбектері зор. Тектілерден тараған тұғырлытұлғалардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына биыл90 жыл толып отыр.Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасап жүрген Есет Құдайбергенұлы 1992 жылы туған мекеніне оралып, өмірінің соңына дейін, 15 жыл бойы қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде еңбек етті.

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:42

Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестің бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты.

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:42

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың тоғызыншы сатысы басталды. 7-24 қазан аралығында топ мүшелері облыстың 6 ауданында жұмыс жасап, түрлі кездесулер өткізеді.Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, халықпен жұмыс жасау кезінде негізгі басымдық өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, діни экстремизмді болдырмау, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, өңірдегі бизнес ортаны дамыту сияқты жұмыстарға берілмеді.Жалпы жоба аясында 15 000-ға жуық адамды қамтитын 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде бірнеше азаматқа түрлі бағытта көмек көрсетілу жоспарлануда.1-бағыттың 1 жұмыс тобымен мешіт жамағаттары арасында 70-ке жақын шара өткізу көзделсе, 1-бағыттың 2-ші жұмыс тобының негізгі мақсаты кәсіпкерлік ортаға тарту бойынша жүйелі проблемаларды анықтауға, ауыл кәсіпкерлеріне нақты көмек көрсетуге бағытталған.

Үш мыңнан аса тал егілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:52

Үш мыңнан аса тал егілді Республикалық «Экологиялық сағат» байқауына ақтөбеліктер белсене қатысты. Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы барлық басқармалар мен мекемелер тал екті. Жалпы акцияға екі мыңнан астам адам қатысып, 3100 көшет егілді. Тал егу жұмыстары қаланың барлық аумағында жүрді. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық және демалыс саябағындағы шараға қатысты.

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 октября 2019 в 11:32

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Төрт-бес адамнан құралған ақпараттық-насихат тобы Шалқар ауданына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, жоғары оқу орнының ұстаздары және басқарма басшылары бар. Сонымен қатар Шалқар ауданының мәслихат хатшысы Сқақ Бигеев пен бірқатар бөлім басшылары бірге жүрді.

Туған жерден бастау алған биіктік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 октября 2019 в 10:22

Туған жерден бастау алған биіктік ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың 20-30-жылдары қазақ қоғамындағы түрлі мәдени, қоғамдық, ғылыми ізденістердің басы-қасында болған қазақ зиялыларының қай-қайсысы да өздеріне заман жүктеген міндеттерді азаматтық парыз ретінде абыроймен атқарды. Қазақ даласында Ыбырай Алтынсарин негізін салған ағартушылық идеясын ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы сияқты ағартушылар жалғастырды.

«Жүрмей тұрған машинаға салық төлеу керек пе?» Көлік салығы жайлы ең көп қойылатын сұрақтарға жауап

Источник: TengriNews Дата: 04 октября 2019 в 10:33

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың ең жиі қоятын ТОП-20 сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Салық төлеушілер (жеке тұлғалар) мүлікке, жер және көлік салықтарын төлеуге қатысты сұрақтарды жиі қояды. Ел азаматтары сан түрлі өмірлік жағдайда кездесетін, онда өздерінің салық міндеттемелерін қалай дұрыс орындау керектігін көбіне біле бермейді.

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:32

Жол-көлік оқиғаларының 99,9 пайызы жүргізушілердің  жауапсыздығынан болған Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Балаңызды кім оқытады? 34 педагог. 35 жалған диплом

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 10:32

Балаңызды кім оқытады?  34 педагог. 35 жалған диплом Ақтөбе қаласындағы білім беру мекемелерінде жалған дипломы бар 34 педагог жұмыс істейтіні анықталды. Олардың біреуінің бір емес екі «жоғары білімі бар» болып шықты. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің бір оқытушысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін де, Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетін де «тәмамдапты».

Бір айдың көрсеткіші осындай

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 12:32

Бір айдың көрсеткіші осындай 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып, тұрғындарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, дін, т.б. салалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлікке қадам: 4 жоба тапсырылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 12:02

Кәсіпкерлікке қадам: 4 жоба тапсырылды Қазіргі уақытта аудандарда кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті өрістету ісіне бұрынғыдан да гөрі ерекше маңыз беріле бастады. Көптеген ауыл тұрғындары өз істерін ашуға ерекше құлшыныс танытып, мемлекет қолдауына жүгінудің пайдалылығын ұғына түсті. Оларға бұл ретте жан-жақты кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін білікті мамандар керек-ақ.Сондықтан да облыстан шыққан баспасөз қызметкерлерімен қатар делегация құрамына басқа сала өкілдерімен бірге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Ерғазина, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының өкілі Мейірхан Жанкелдіұлы сияқты ауыл тұрғындарына айтары бар қызмет адамдары да қосылды.Қарауылкелдідегі Т.Жармағамбетов атындағы мектепте өткізілген жергілікті кәсіпкерлер және өз ісін ашуға талаптанып жүргендер басқосуы қызу өтті.Бұл жиынға елуден астам адам қатысты.— Біздің басты мақсатымыз — сіздерге толық және жан-жақты ақпарат беру, — деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина жиналғандарға, — Қазіргі уақытта біз «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыстағы 12 ауданға 900 миллион теңге бөлуге әзір отырмыз.

Назарды мәдениетке аударды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 сентября 2019 в 12:52

Назарды мәдениетке аударды Ғалымжан БАЙДЕРБЕС, «Қос Шынар»—Әлия, Мәншүк қайырымдылық қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог —Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыптағы халыққа Жолдауы мәдениет қызметкерлерін қанаттандырып, ерекше сілкініс әкелді.

Уағызбен арбайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 сентября 2019 в 12:32

Уағызбен арбайды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде, жастар арасында радикалдық ағымдар идеяларының таралуының алдын алу мақсатында, студенттермен кездесу өткізілді.«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында өткен жиынға теолог мамандар, аталмыш оқу орнының оқытушылары және студент жастар қатысты.Радикалдық діни ағымдар ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды және өз қармақтарына іліккен жастардыосы дәстүрлер мен құндылықтарды ұстанатын қоғамға, яғни сіз бен бізге жек көрінішпен қарауға жетелейді.

Ақтөбе облысы Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 12:32

Ақтөбе облысы Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады 24-25 маусымдағы Арыс оқиғасы осы жылдың ең үлкен төтенше оқиғасы ретінде адамдарымыздың есінде ұзақ сақталатын болды. Маусымның 30 градустық аптап ыстығында қару-жарақ қоймаларынан шыққан өрт күнделікті таңғы тіршілігін бастаған жұрттың тыныштығын бұзды. Өрт қоймаларға тарап, әскери қалашыққа 200 метр жерде орналасқан үйлерге қоймадағы қару-жарақ оғы, әскери снарядтар ұша бастады.

Тұрғындарды қабылдады, кеңес берді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 12:32

Тұрғындарды қабылдады, кеңес берді Сейсенбі күніАқтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірнеше бағыты бойынша азаматтарды қабылдау, сондай-ақ бірқатар кездесулер өтті.Басты сауал — баспана және атаулы әлеуметтік көмек Аталған жоба аясында «Анаға тағзым» орталығында азаматтарға қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауға келген тұрғындар жеке сауалдары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе филиалы, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ облыстық филиалы, т.б. мекемелердің өкілдерінен кеңес алды.— Ақтөбе қаласының тұрғындарынабарлық сауалдар бойынша әр аптада қабылдау ұйымдастырып жатырмыз.Қабылдау туралы алдынала хабарландырулар Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланады.

«Орыс YouTube-індегі масқара». Тимати мен Гуф не үшін ақталды?

Источник: TengriNews Дата: 11 сентября 2019 в 12:23

Ресейлік рэп орындаушы Тимур Юнусов — Тимати 7 қыркүйекте YouTube-тегі арнасында «Москва» бейнеролигін жүктеген. Видео екі жарым күннің ішінде дизлайк жинаудан рекордтық көрсеткішке ие болған. Алайда артынша ресейлік әнші видеоны өшіріп тастаған. Бейнеклип жергілікті халыққа ұнамай, наразылық туғандықтан видеоны желіден өшіруге шешім қабылдаған.

Тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлер мәселесі шешіледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 13:12

Тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлер мәселесі шешіледі Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылысы жүріп жатқан жобалардың жұмысын бақылады.Алдымен ескі ғимаратта орналасқан мемлекеттік №1 «Гүлдер» балабақшасында болды.1970 жылы салынған нысан 280 орынға арналған.Күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл балабақшаның ағымдағы жөндеуіне 16 миллион теңге бөлініп, жылу жүйелері мен терезелері ауыстырылады.Облыс басшысы қала әкіміне және білім басқармасының мамандарына балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетін мердігерге жүктеуді тапсырды.

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 12:52

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы Қазақ әдебиеті әлемдік әдеби процесте өзіндік бағаға иеленуде. Өткен ғасырларда түрлі себептермен қазақ даласын сапарлаған жандар халқымыздың мәдениеті, оның ішінде сөз өнері хақында мағыналы тұжырымдар жасағандығы тарихтан белгілі.Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстан күллі әлемге танылып отырған шақта тілі мен әдебиетіне, музыкасы мен тұрмыс-салтына қызғушылық арта түсуде.Қазақтың рухани байлығы әлемдік өркениеттің төріне қарай бағыт алуда.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық сипаттағы мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Экспортты дамытуға басымдық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 12:22

Экспортты дамытуға басымдық Жақында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына бес жыл толды. Ақтөбеге арнайы іссапармен келген Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Серік Жұманғарин бизнес өкілдерімен кездесті. Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің қатысуымен өткен бұл кездесуге әрбір саланың өкілдері мен сарапшылар, бизнес субъектілерінің мүшелері қатысты.— Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде еуразиялық экономикалық комиссия құрылған болатын.

Билік пен қоғам арасындағы ашық диалог — ел тұрақтылығының кепілі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 12:12

Билік пен қоғам арасындағы ашық диалог — ел тұрақтылығының кепілі Қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет. Бұл ел дамуының өзегі болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының түйіні осы: «Сындарлықоғамдықдиалог — Қазақстанныңтұрақтылығыменөркендеуініңнегізі» деп аталған құжатта Президентзаман талабына сай мемлекет құру үшін алдымен азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігін алға тартты.

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?

Источник: TengriNews Дата: 04 сентября 2019 в 11:13

Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева? Өткен айда Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді. Оның Президент көмекшісі — Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келе жатқанына бір айдан асты. Бұл оның мемлекеттік қызметтердегі жетінші жұмыс орны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 сентября 2019 в 11:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар!Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінжаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Полный текст Послания Токаева казахстанцам

Источник: TengriNews Дата: 02 сентября 2019 в 13:43

Полный текст Послания Токаева казахстанцам Полный текст Послания Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана был опубликован на сайте Президента, передает Tengrinews.kz.В нашей работе следует исходить из необходимости полной реализации Пяти институциональных реформ и Плана Нации, разработанных Елбасы. Следует возобновить работу созданной им Национальной комиссии по модернизации.Хотел бы высказать свои соображения по реализации наших общих задач, в частности, моей предвыборной платформы.І.

Мектептерде енді кәсіпкерлік негіздері оқытылады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 августа 2019 в 11:42

Мектептерде енді кәсіпкерлік негіздері оқытылады «Өрлеу» педогог мамандардың біліктілігін арттыру институтында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті пәнінен сабақ беретін оқытушыларға арналған курс салтанатты түрде ашылды. Оған облыстық білім басқармасы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары, өкілдері қатысты. Жаңа оқу жылынан бастап 10-сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті пәні енгізілмек.

Илон Маск ғарышқа не себепті автомобиль шығарды?

Источник: TengriNews Дата: 19 августа 2019 в 13:13

Илон Маск ғарышқа не себепті автомобиль шығарды? Қазіргі таңда ғарыш саласында түрлі тәжірибе жүргізіп, жаңа технологияларды пайдалану арқылы бүкіл әлемді таңғалдырып жүрген Tesla Roadster компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың ғарышқа аттанған автомобилін естіген шығарсыз? Ол былтыр 6 ақпанда Кеннеди ғарыш орталығының Pad 39A старт алаңынан ең ауыр Falcon Heavy зымыран тасымалдаушымен ұшырылған.

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 августа 2019 в 10:22

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі қалай шешіледі? Бейсенбі күні облыстық мәслихатта депутат Аманкелді Есіркеповтің төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары мен басқарма басшылары қатысты.Күн тәртібінде «Тұрғындарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы» және «2019-2020 жаңа оқу жылының басталуына дайындық туралы» мәселелер қаралды.Алдымен сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов өңірдегі спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыс тұрғындарының дене шынықтыру мен спорттағы үлесі 31,4 пайызды құрайды.— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ел ішінде бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту бойынша тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеген болатын.

Құлпытастар сыр шертеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 10:52

Құлпытастар сыр шертеді Көне құлпытастардағы жазулар тасқа басылған тарихи деректер болып табылады.Түркітілдес түрікмен, әзірбайжан халықтары құлпытастардағы жазуларын әлдеқашан зерттеп, ғылыми айналымға түсіріп, тіпті компьютерлік қорға енгізіп қойған. Бұл іске біз кешеуілдеп кірісіп отырмыз.Жуырда Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының мамандары біздің өңірден 334 құлпытасты жан-жақты зерттеп, олардағы жазбаларды хатқа түсіріп алды.Біздің облысқа еліміздегі шығыстану саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болып табылатын Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының мамандарынан құралған экспедициялық топ келіп, бірнеше қорымдағы көне құлпытастарға зерттеу жүргізіп жатқаны жөнінде біз жазған едік.Сейсенбі күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде осы жұмыстардың бастапқы қорытындылары жария етілді.

Ғұндар мекен еткен аймақта…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 августа 2019 в 01:32

Ғұндар мекен еткен аймақта… «Ақтөбе облысы аумағындағы ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архитектоникасы және оларға кеңістікте талдау жүргізу» жобасы аясында Ойыл және Қобда аудандары аумағынан аталмыш кезеңдерге тән, бұрын белгісіз болып келген 100-ден аса көне қорым анықталған.Көне қорымдардың орны SAS Planet бағдарламасы арқылы ғарыштан түсірілген фотосуреттерді зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Показано 30 новостей из 469