Популярные темы

Абай облысында 116 нысан ауаны ластап отыр

Дата: 03 мая 2023 в 15:38


Абай облысында 116 нысан ауаны ластап отыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы Абай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев айтып берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ӨКҚ-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, облыста кәсіпорындарға талдау жүргізілді, ол қоршаған ортаға ең көп шығарындылар санатына жататын 116 нысанды анықтады.



Семейдегі атмосфералық ауаның сапасын бақылау төрт бекетте жүргізіледі. Қазандықтарды қайта құру және жаңғырту кезінде шығарындылар санын азайту бойынша жұмыстар жоспарланған. «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарында жұмыстар басталды, — деп атап өтті Данияр Тоқтыбаев.

Сонымен қатар, Абай облысын көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылы «Семей орманы» РММ мемлекеттік қорына 24 млн қарағай көшеті отырғызылады. Орманнан басқа, қала ішінде де жасыл желектерді отырғызу басымдыққа ие.

Айта кетейік, Басқарма бұзушыларға қойылатын талаптарды күшейтетін, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кесу кезінде шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін әзірлегенін айтты.

Сурет: Arnapress.kz, Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями