Популярные темы

СҚО-да білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды

Дата: 03 августа 2023 в 10:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


СҚО-да білім беру саласында миллиондаған бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан бойынша өткізілген орта және мектепке дейінгі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов өз сөзінде талдау объектісі кездейсоқ таңдалмағанын, соңғы жылдары білім беру саласында үш жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, 143 адам сотталғанын атап өтті.

«Өңірлік деңгейде негізгі назар жоспарлау мен еңбекақы төлеу қорына аударылды, онда білім беруге бөлінген облыс бюджетінің 80%-ға жуығы жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленді. Жалақыны, түрлі қосымша ақыларды заңсыз есептеу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстарды төлеу және т.б. жолымен бюджет қаражатын ұрлау схемалары ашылды», — деді Сергей Перов.

Мысалы, аталған департамент талдау барысында ағылшын тілі мұғаліміне жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қосымша ақыны негізсіз есептеуді белгіледі, залал өтелді.

Талдау қорытындысы бойынша барлығы 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оларды жою үшін 34 ұсыным әзірленді, оның ішінде 16 ұсыным орталық деңгейге енгізілді және 18 ұсыным жергілікті деңгейде орындалатын болады.

Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО-дағы департаменті

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями