Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "жол апаты" — страница 2

Алматыда көктайғақ салдарынан жантүршігерлік жол апаты болды

Источник: Zakon.kz Дата: 13 ноября 2017 в 10:19

Алматыда көктайғақ салдарынан жантүршігерлік жол апаты болды Алматыда қалалық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам ауруханаға жатқызылды, бір адам оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жол апаты Тәтібеков көшесі бойында болған. Toyota Mark II көше бойымен шығыс бағытта келе жатады, ал 54-ші бағдарлы автобус – батыс бағытта.Алматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыАлматыда автобус Toyota көлігімен соқтығыстыКөктайғақ салдарынан автокөлік қарсы беттік қозғалыс жолағына өтіп кетіпті.

Алматы облысында көлік жылқыларды қағып, денелерін бөлшектеп тастады

Источник: Zakon.kz Дата: 30 октября 2017 в 10:09

Алматы облысында көлік жылқыларды қағып, денелерін бөлшектеп тастады Алматы облысында қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жылқыларды соғып өтіп, жануарлардың денесін бөлшектеп тастады. Бұл туралы stan.kz, patrul.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.Жол апаты Ұйғыр ауданының маңындағы Ақсай-Шонжы-Көлжат авто жолында болған. Audi A6 көлігі шығыс бағытта келе жатқан екен.

Оралда адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 23 октября 2017 в 10:49

Оралда адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті Орал қаласына қарасты Зашаған елді мекенінде белгісіз біреу 22 қазан күні кешкі сағат 21:00-де жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.Орал қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Мүслім Жәрдемовтің айтуынша, жаяу жүргіншіні жүк көлігі не автобус қағып кеткен. «Біз қазір жол апаты болған жерде асфальттегі ізді тексеріп жатырмыз. Ізге қарап жаяу жүргіншіні жеңіл көлік емес, жүк көлігі немесе автобус қағып кеткенін байқауға болады», — дейді Мүслім Жәрдемов.Оқиға орнында полиция қызметі жұмыс істеп жатыр.Фото: news.liga.net

Ресейде жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды

Источник: Zakon.kz Дата: 10 октября 2017 в 15:39

Ресейде жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісі қамауға алынды Қазір бірнеше адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ апаттан аман қалған Қазақстан азаматы да заңсыз көші-қон заңы бойынша қамалды, деп жазады Хабар 24 арнасы. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Владимир облысының Покров стансасында пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан болатын.

Ресейде пойызға соғылған автобус Қазақстаннан болып шықты

Источник: Zakon.kz Дата: 06 октября 2017 в 10:49

Ресейде пойызға соғылған автобус Қазақстаннан болып шықты Ресейдің Владимир қаласы жанында жолаушылар пойызымен соқтығысқан автобус Қазақстаннан барған деп хабарлайды Baq.kz.Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Владимир облысы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаған.Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов министрлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтқан.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА RANGE ROVER ТҮЙЕГЕ СОҒЫЛДЫ. БЕС АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 19 сентября 2017 в 13:43

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА RANGE ROVER ТҮЙЕГЕ СОҒЫЛДЫ. БЕС АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан бес адам қаза болды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолында болған. ІІД мәліметінше,көлік тізгінінде 43 жастағы алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйеге соғылып, аударылып кеткен.

КӨЛІК ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДАҒЫ ОРҒА ТҮСІП КЕТТІ

Источник: Матрица.kz Дата: 28 августа 2017 в 13:23

КӨЛІК ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДАҒЫ ОРҒА ТҮСІП КЕТТІ Алматыда көлік 3 метрлік орға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апаты таңғы 8 шамасында Ангарская көшесінде болған. Шығысқа бет алып келе жатқан Тойота Авенсис жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалған. Машина жол шетіндегі кедергілерді бұзып, қазылған орға түсіп кеткен. Абырой болғанда, көлік жүргізушісі жапа шеккен жоқ.

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙ КӨЛІГІМЕН ҮШ АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Источник: Матрица.kz Дата: 22 августа 2017 в 13:03

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙ КӨЛІГІМЕН ҮШ АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ Шымкентте полицей BMW көлігімен үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.Жол-көлік оқиғасы Жібек жолы көшесінде болған. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.«18 тамызда Шымкент қаласының полициясына Жібек жолы көшесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.

Биыл Павлодар облысында алкогольдің кесірінен 19 адам өлімі орын алған

Источник: Zakon.kz Дата: 17 августа 2017 в 12:59

Биыл Павлодар облысында алкогольдің кесірінен 19 адам өлімі орын алған 2017 жылы жеті айдың ішінде Павлодар облысында ішімдік тұтыну салдарынан 19 адам өлімі тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ІІД-нің бастығы Марат Қожаев мәлім етті. — Маскүнемдікпен күресу өзекті мәселелердің бірі болып қала береді, — дейді Марат Қожаев.

АЛМАТЫДА БЕТОН АРАЛАСТЫРҒЫШ КӨЛІК АДАМДЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

Источник: Матрица.kz Дата: 14 августа 2017 в 17:53

АЛМАТЫДА БЕТОН АРАЛАСТЫРҒЫШ КӨЛІК АДАМДЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ Алматыда жүк көлігі жолдың шетінде тоқтап тұрған көлікті соғып, адамды қағып өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Кісі өліміне әкеп соққан жол апаты Солтүстік шеңберде «Ялян» сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Camry 30 жолдың шетінде тоқтап тұрып, екі ер адам дөңгелек айырбастап жатады.

АЛМАТЫДАҒЫ ҚИЫЛЫС ЕҢ АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 13 июля 2017 в 13:33

АЛМАТЫДАҒЫ ҚИЫЛЫС ЕҢ АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ Бас прокуратураның комитеті Қазақстандағы ең апатты өңірлер мен көшелерді атап, бірінші жарты жылда қанша адамның жол апатынан құрбан болғанын есептеді,-деп хабарлайды Stan.kz.Алматыдағы Жандосов пен Манас көшесінің қиылысы Қазақстан бойынша ең қауіпті жер деп танылды.Бас прокуратураның статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, осы уақытқа дейін елде 7 127 жол-көлік оқиғасы болды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ЖИІ ОРЫН АЛАТЫН 114 ЖОЛ БӨЛІГІ БАР

Источник: Матрица.kz Дата: 13 июля 2017 в 13:03

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ЖИІ ОРЫН АЛАТЫН 114 ЖОЛ БӨЛІГІ БАР Ағымдығы жылдың 6 айында жол апаты мен оның салдарынан болатын қайғылы жағдайлардың азайғанын қуана айта аламыз. Өйткені, облыс көлемінде апаттылық жағдай 4 пайызға, оның ішінде қайтыс болғандар саны — 33,3 пайызға және онда жарақат алғандар саны — 5,3 пайыз төмендеген,-деп хабарлайды zhambylnews.kz.Дегенмен, апаттың өзінің алдын алуда бірқатар кедергілер бар екен.

Қазақстанда жол апаты жиі орын алатын өңірлер белгілі болды

Источник: Zakon.kz Дата: 12 июля 2017 в 16:29

Қазақстанда жол апаты жиі орын алатын өңірлер белгілі болды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғаларының қай өңірде көп тіркелгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Комитет мәліметінше, жылдың 6 айында еліміздің жолдарында 7 127 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 9 992 адам зардап шексе, 738-і қаза тапқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апаты — 10,7, зардап шеккендердің саны — 10,3, қаза тапқандардың саны — 20,5 процентке төмендеуі байқалады.

ТАРАЗДА КӨЛІК ТІЗГІНІНДЕ ОТЫРҒАН ЖҮРГІЗУШІНІҢ ДЕНЕСІ ҚҰРЫСЫП, МАШИНА АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 11 июля 2017 в 22:23

ТАРАЗДА КӨЛІК ТІЗГІНІНДЕ ОТЫРҒАН ЖҮРГІЗУШІНІҢ ДЕНЕСІ ҚҰРЫСЫП, МАШИНА АПАТҚА ҰШЫРАДЫ Қатты жүрген жеңіл көлік сауда орнының ғимаратына соғылып, бірден өртке оранған. Осының салдарынан ауыр жарақат алған бір жолаушы қаза тапса, үшеуі ауруханаға түсті,-деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оқиға таңғы алтылар шамасында қаланың негізгі көшелерінің бірінде болған. Мына кадрда жеңіл көліктің ары-бері теңселіп келе жатқаны анық көрінеді.

Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, троллейбусқа соғылған

Источник: Zakon.kz Дата: 30 июня 2017 в 17:09

Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, троллейбусқа соғылған Қоғамдық көлік ұшыраған жол апаты 23 маусымда болған, сегіз адам зардап шекті, деп жазады sputniknews.kz.Алматы қаласы «Мадина» автопаркінің директоры Бекежан Таныштықбай өз қарамағандағы автобус ұшыраған жол апаты туралы айтып берді.Көлік апаты 23 маусым күні болған, автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылыпты.

Атырауда алаяқтық жасаған көлік инспекторы сотталды

Источник: Zakon.kz Дата: 16 июня 2017 в 11:39

Атырауда алаяқтық жасаған көлік инспекторы сотталды Атырауда сот жол-патрульдік полиция сержантын алаяқтық жасағаны үшін 3,5 жылға соттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Соттың істі қарауы барысында жол оқиғасы болған жерге келген жол-көлік қызметі өкілі «Мерседес» автомобилін мінген жеңіл жол апаты қатысушысының ізін суытқанын анықтаған. Ол қымбат машинаның иесі қайда тұрып жатқанын анықтап, үйіне барып, автомобильден мемлекеттік нөмірді шешіп алған.

Алматыда ісіне салғырт қараған дәрігерлерге үкім шықты

Источник: Zakon.kz Дата: 17 марта 2017 в 14:29

Алматыда ісіне салғырт қараған дәрігерлерге үкім шықты Алматыда жол апатынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге үкім оқылды. Қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының үш қызметкері бес жыл бұрынғы әрекеттері үшін енді жауап беріп жатыр, деп жазады КТК телеарнасы. Ал жол апаты 2012 жылдың қыркүйегінде болған.

Шымкентте рульдегі жүргізуші есінен танып, бес бірдей көлікпен соқтығысқан

Источник: Zakon.kz Дата: 09 марта 2017 в 13:29

Шымкентте рульдегі жүргізуші есінен танып, бес бірдей көлікпен соқтығысқан Шымкентте рульдегі жүргізуші есінен танып, бес бірдей көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге жедел жәрдем қызметі шақыртылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.Жол-көлік оқиғасы Қалдаяқов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болған. «BMW» көлігімен келе жатқан жүргізуші жолда кездескен «BMW Х5», «Нексия», «Тойота» мен екі бірдей «Фольксваген» көліктерін соққан.

Павлодар-Ақсу бағытындағы тас жолда тағы бір жүк көлігінің жол апаты тіркелді

Источник: Zakon.kz Дата: 23 февраля 2017 в 10:59

Павлодар-Ақсу бағытындағы тас жолда тағы бір жүк көлігінің жол апаты тіркелді Павлодар-Ақсу бағытындағы тас жолда жүк көлігі мен үш бірдей жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Сәуле Мусинованың айтуынша, жол апатынан зардап шеккендер жоқ. — Алдын ала болжам бойынша жүк көлігі ережені бұзған. Егер бұл болжам дәлелденсе, жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады, — дейді Сәуле Мусинова.Думан АсқарбекФото: Рavlodarnews.kz

Павлодар облысында қар құрсауынан 15 көлік пен 76 жолаушы құтқарылды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 февраля 2017 в 17:19

Павлодар облысында қар құрсауынан 15 көлік пен 76 жолаушы құтқарылды Павлодар облысында өткен жексенбі күні төтеншеліктер қар құрсауында қалып қойған 15 көлік пен 76 жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік қызметі басқармасының басшысы Асқарбек Омаров мәлім етті. — Түнгі уақытта Екібастұз тас жолынан 20 шақырым қашықтықта Бәйет ауылының жанында Астанаға бет алған 15 көлік тұрып қалған.

Полицей жол апатынан аман алып қалған оқушылар шахматтан облыс чемпиондары атанды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 февраля 2017 в 12:19

Полицей жол апатынан аман алып қалған оқушылар шахматтан облыс чемпиондары атанды Осыдан бірнеше күн бұрын жол апатына ұшыраған Баянауыл ауданының оқушылары шахматтан облыстық турнирде топ жарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Павлодар облысының білім беру басқармасы атап өткендей, баянауылдықтар осымен 12-ші мәрте чемпион атағын алып отыр. — Үш күнге созылған додада аудандар арасында Баянауыл ауданының оқушылары алға шықты.

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғыс

Источник: Zakon.kz Дата: 02 февраля 2017 в 10:19

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғыс Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты кешкі сағат 19:00 шамасында болған, деп жазады otyrar.kz.Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соғысты. Іштерінде адам толы болған.Бұл жол апатына «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының түсіру тобы куә болды.

Алматы облысында қара жамылған отбасы әділдікке қол жеткізе алмай жүр

Источник: Zakon.kz Дата: 30 января 2017 в 10:59

Алматы облысында қара жамылған отбасы әділдікке қол жеткізе алмай жүр Алматы облысында қара жамылған отбасы әділдікке қол жеткізе алмай жүр. Олар былтыр күзде аналарын көлікпен қаққан күдікті ешқандай жазаға тартылмады деп отыр. Зейнеткерді жер жастандырған жігіт қазір бостандықта, бәз қалпынша көлік басқарып жүрген көрінеді. Қайғыдан қан жұтқан тарап, құзырлы орын өкілдеріне бірнеше рет шағымданыпты.

Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Источник: Zakon.kz Дата: 04 января 2017 в 12:19

Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты Жол апаты Opel жеңіл автокөлігі мен «КамАЗ» көлігінің соқтығысуы салдарынан болды. Бұл туралы stan.kz, Sputnik жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.Жол апаты үшінші қаңтар күні Шетпеден 25 шақырымдай жерде болды. Opel жеңіл автокөлігі мен «КамАЗ» көлігінің соқтығысуы нәтижесінде үш адам оқиға орнында қаза тапты, бір әйел Маңғыстау аудандық ауруханасына жатқызылдыМаңғыстау облыстық ауруханасының санитарлық авиация фельдшер-диспетчері Айткүл Ұлықпанованың берген мәліметі бойынша, шақыру үшінші қаңтарда түскен. » 1959 және 1963 жылы туылған екі ер адам және 1959 жылы туылған әйел адам қаза тапты.

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

Источник: Zakon.kz Дата: 29 декабря 2016 в 11:49

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды Орал-Атырау күре жолының Зеленов ауданы Щапов ауылының тұсында «ВАЗ-21102» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жол апаты кеше сағат 19.25 шамасында тас жолдың 27-шақырымында болды. Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, «ВАЗ-21102» автокөлігінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Ақмола облысында полицей құқық бұзушының соңынан қуамын деп қаза тапты

Источник: Zakon.kz Дата: 27 декабря 2016 в 15:29

Ақмола облысында полицей құқық бұзушының соңынан қуамын деп қаза тапты Полиция сержанты ауылда жылдамдық режимін бұзған автокөліктің ізіне түскен. Бұл туралы Sputnik жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.Ақмола облысында полиция сержанты тас жолда құқық бұзушыны қуамын деп қаза тапты деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 желтоқсан күні кешке Екатеринбург-Алматы тас жолының 1301-ші километрінде Аршалы ауданында болған.Полиция сержанты Айтамағанбетов Екатеринбург-Алматы жолындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттілігін орындау кезінде, Жібек жолы ауылында жылдамдық режимін арттырған құқық бұзушының Hyundai Elantra көлігінің соңынан қуып, тойтарушы тірекке соғылған.

Ақмола облысында жол апатынан 21 жастағы қыз көз жұмды, тағы 4 адам зардап шекті

Источник: Zakon.kz Дата: 14 ноября 2016 в 16:59

Ақмола облысында жол апатынан 21 жастағы қыз көз жұмды, тағы 4 адам зардап шекті Ақмола облысы аумағында орын алған жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты қарашаның 13-і күні Аршалы ауданының аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1154-ші шақырымында орын алған. «Астана қаласына бағыт алған «Тойота Сиена» (Минивен) көлігінің 1984 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Скания» (Фура) көлігімен соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан «Тойота Сиена» көлігінің ішінде отырған 1995 жылғы жолаушы қыз ауруханға апара жатқан жолда қайтыс болды.

Жолдағы «жыртықты» қалай жамаймыз?

Источник: Матрица.kz Дата: 08 ноября 2016 в 21:53

Жолдағы Қазақстанда жол төсеуге және жөндеуге жылына қыруар ақша бөлінеді. Тек биыл автожол саласына 330 млрд теңге бөлініпті. Бірақ өкініштісі сол, жолдар салынған соң жыл өтпей жыртық-тесіктерін жамауға тағы қаржы шығындалып жатады. Елімізде республикалық жолдардың 85 пайызы, ал өңірлік жолдардың 65 пайызының сапасы жарамды.Алайда жүруге жарамсыз жолды есептемегенде, жарамды дегендерінің өзі қырық жамау екені жасырын емес.

Оралда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр

Источник: Zakon.kz Дата: 26 октября 2016 в 12:59

Оралда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр Оралда жыл басынан бері жергілікті полиция қызметіне 82 мыңдай азамат хабарласқан. Бұл құқық қорғау органдарына деген халық сенімінің арта түскенін көрсетеді, — дейді полицейлер. Шахарда бұзақылық пен қарақшылық, сондай ақ, аса ауыр қылмыстар мен кәмелетке толмағандардың құқын бұзу фактілері азайған, деп жазады Хабар 24 арнасы.Жергілікті полиция қызметі 100 мыңдай әкімшілік-құқық-бұзушылық дерегінің жолын кескен.
Показано 30 новостей из 61