Популярные темы

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Дата: 17 марта 2023 в 21:08


Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолындағы (ҮАААЖ) алғашқы ірі жол апат видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі түгелдей қираған. Алматы облысының полицейлері бұл жол-көлік оқиғасы шынымен де, салынып жатқан ҮАААЖ тасжолында болғанын растады.

«2023 жылғы 15 наурызда сағат 15:00 шамасында 35 жастағы жүргізуші BMW автокөлігімен ҮАААЖ тасжолында оңтүстік бағытта, 17-шақырымда келе жатып, рөлге ие бола алмай кедергіге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші дене жарақатын алды», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Жүргізушінің өзі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жол компаниясының қызметкері екендігін, сонымен қатар жолдың әлі пайдалануға берілмегендігін атап өтті полиция.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями