Популярные темы

Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Дата: 27 марта 2023 в 22:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 27 наурызда Ақсу ауданы маңында орын алған.

Соқтығысқан Toyota Camry-дің тізгінінде 39 жастағы ер адам және Kia Rio көлігінің тізгінінде 40 жастағы әйел адам болған. Қос жеңіл көлік Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

«Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастыруда».

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет:Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями