Популярные темы

Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды

Дата: 01 апреля 2023 в 22:48


Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
Стоковые изображения от Depositphotos

Павлодар облыстық ПД қаза тапқан адамның жол апатына түрткі көліктің жолаушысы болғанын нақтылайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 1 сәуірде  сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында жол беру белгісін елемей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысты.

Audi көлігінде болған жолаушы оқиға орнында мерт болды.

«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән — айы мен себептері тексеру барысында анықталады», делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, 1 сәуірде Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланған болатын.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями