Популярные темы

БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Дата: 11 апреля 2023 в 09:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
Стоковые изображения от Depositphotos

БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды.

«33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апаты кезінде жүргізушінің каннабиоидтарды (марихуана) қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғаны анықталды», делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями