Популярные темы

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған

Дата: 02 июня 2023 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada-ның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

«Lada Largus көлігінде Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін мұғалімдер болған, олардың үшеуі Оралдағы мектептерде қызмет еткен. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза болғандардың бірі №47 орта мектепте дефектолог боп жұмыс істеген», делінген хабарламада.

Кейінірек ауруханада 27 жастағы әйелдің қаза болғаны белгілі болды. Ол мекемеге жеткізілген соң жарты сағаттан соң көз жұмған. Ол сурдопедагог боп жұмыс істеген.

Мұғалімдер Ақтөбедегі университетте сырттай оқыған, диплом алуға бара жатқан. Олар жұмыстан өз есебінен демалыс алған.

Сурет: скриншот «Мой город»

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями