Популярные темы

астанада: новости — страница 2

Қыркүйекте пәтер жалдау бағасы қалай өзгерді

Крыша, 27 сентября 2023 в 10:47

Қыркүйекте пәтер жалдау бағасы қалай өзгерді
Елімізде қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда жалға беру құны орташа есеппен 2.7 % өсті. 1 кв. м 3 372 теңгеден келеді.Krisha.kz мәліметіне сүйенсек, қыркүйекте баға бірқалыпты көтерілді. Негізгі өсім шілде-тамыз айларына (4–7 %) тиесілі.Krisha.kz баға мөлшерлемесін жүргізетін 13 қаланың 9-ында өсім тіркеліпті.Жалға беру құны төмендегідей: — Өскеменде: +10 %; — Петропавл, Шымкентте: +8 %; — Ақтөбе, Қарағандыда: +4 %; — Қостанайда: +3 %. — Алматы, Ақтау, Павлодарда: +1 %.Оралда баға 3 %, ал Астанада 1 % кеміді.Атырау және Көкшетау қалаларында орташа көрсеткіш өзгеріссіз қалды.Қаңтармен салыстырсақ, жалға беру құны 12.8 % өсіп, барлық қалада мөлшерлеме сомасы артқан.Ең жоғары көрсеткіш — Павлодар қаласында тіркелді (+23 %), Ақтөбе (+22 %), Қостанай (+21 %).Астана, Алматы, Шымкент шаһарларында — сәйкесінше 6, 9, 11 %. ҚалаҚыркүйек, тг/кв. мТамызбен салыстырғанда, %Қаңтармен салыстырғанда, %Алматы6 2221.09.0Астана4 058–1.06.0Ақтау2 7781.011.0Ақтөбе2 9344.022.0Атырау3 07703.0Қарағанды3 4614.015.0Қостанай3 5003.021.0Павлодар3 1581.023.0Петропавл2 9418.018.0Орал2 800–3.010.0Өскемен3 01510.06.0Шымкент2 7088.011.0Көкшетау3 188013.026 қыркүйектегі көрсеткіштер мынадай: — бір бөлмелі пәтерлер— 144 мың тг; — екі бөлмелі пәтерлер— 194 мың тг; — үш бөлмелі пәтерлер — 232 мың тг. Қала1 бөлмелі2 бөлмелі3 бөлмеліАлматы250 000380 000500 000Астана175 000250 000350000Ақтау120 000150 000200 000Ақтөбе147 500250 000250 000Атырау150 000190 000200 000Қарағанды140 000250 000220 000Қостанай150 000180 000220 000Павлодар120 000170 000200 000Петропавл120 000130 000150 000Орал130 000130 000190 000Өскемен120 000150 000195 000Шымкент120 000150 000180 000Көкшетау140 000180 000215 000Қонаев130 000160 000170 000

Жаңа кешендегі пәтер бағасында қандай өзгеріс бар

Крыша, 26 сентября 2023 в 14:17

Жаңа кешендегі пәтер бағасында қандай өзгеріс бар
Жаңа құрылыстың құны бір деңгейде тұрғанына бірнеше ай болды.Бірінші нарықта баға бірқалыпты күйін сақтап тұр: көп аймақта өсім де, баға түскені де байқалмайды. Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша жаздың соңғы айында шілдемен салыстырғанда пәтер құнында мүлде өзгеріс болмаған.Бір айда бірінші нарықтағы жылжымайтын мүліктің орташа бағасы тек Алматы,.

Астанада «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды

Arna Press, 21 сентября 2023 в 22:28

Астанада
Бүгін Қазмедиа орталығының кинозалында «Міржақып, оян, қазақ!» фильмінің премьерасы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz сайтының тілшісі.«Qazaqstan» Ұлттық арнасы туындысының тұсаукесері Astana Media Week форумының екінші күнінде кесілді.Ұлттық арна ұсынған ақпарат бойынша фильмде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады.

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар

Крыша, 18 сентября 2023 в 17:57

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар
Жыл басынан бері алып шаһардың барлық ауданындағы құрылыс алаңдарында 740 жоспарсыз тексеру жүрді. Мамандар оларды сүру туралы 53 талап жолдаған, сот 17-сін мақұлдады. Бұл жөнінде Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев брифингте айтты.Оның сөзінше былтыр сот шешімімен заңсыз салған 19 нысан сүрілді.Баум тоғайының маңында іргетасы қаланып жатқан аты шулы Family кешені де ескерусіз қалмайды.

Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты

Arna Press, 15 сентября 2023 в 17:38

Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.«Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 17:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.«Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды», — деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.Сурет: Tengrinews.kz

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі

Arna Press, 28 августа 2023 в 17:18

Астанада ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітапты тәркіледі
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған пансионатпен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Опытный казахстанский защитник остается в «Астане»

ProСпорт, 12 августа 2023 в 20:30

Опытный казахстанский защитник остается в «Астане»
Казахстанский защитник «Астаны» Вадим Щербак остается в столичном клубе, сообщает Prosports.kz. Клуб и игрок заключили новый контракт.Вадим Щербак «Астанада» қалады!Клуб пен қорғаушы жаңа келісім-шартқа отырды.Вадим алдағы маусымда өз ойынымен жанкүйерлерді қуанта бермек pic.twitter.com/ofUaGFNuy8Ранее «Астана» объявила о том, что капитан столичной команды также принял решение остаться в клубе.

Қазақстан халқы туралы жаңа деректер жарияланды

Arna Press, 11 августа 2023 в 12:18

Қазақстан халқы туралы жаңа деректер жарияланды
2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдегі демографиялық жағдай туралы нақтыланған ақпаратты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 адамды құрады, оның ішінде 12 317 671 адам қала тұрғындары, 7 581 706 адам ауыл тұрғындары, 48,8 пайызы ерлер, 51,2 пайызы әйелдер», — делінген Ұлттық статистикалық бюросының хабарламасында.Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы қыз бала.

Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді

Arna Press, 25 июля 2023 в 14:38

Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу аяқталған.Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.Фото:gov.kz

Астанада боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Arna Press, 24 июля 2023 в 13:38

Астанада боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Бұған дейін қолында баласы бар Қырғызстан азаматына шабуыл жасады деп айыпталған боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ресми порталында хабарланды.Порталдың хабарлауынша, боксшы екі күннен бері іздестірілуде.

Дефляция: азық-түлік бағасы бір жарым жылда алғаш рет төмендей бастады

Arna Press, 03 июля 2023 в 15:18

Дефляция: азық-түлік бағасы бір жарым жылда алғаш рет төмендей бастады
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Кейінгі бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Жылдық есеппен есептегенде, ЖҚТБ баға индексі 109,1 пайыз болды», — деп түсіндірді бюро.Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осыған қатысты бұл күтілген дефляция екенін айтты.«Алты айда біз долларға қатысты 3 пайызға, ал рубльге қатысты бірден 19 пайызға өстік», — деді ол Telegram-арнасында.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді

Vera.kz, 01 июля 2023 в 23:59

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді
Бұрынғы шенеунік Аюповтың ісі бойынша сотта болып жатқан оқиғалар оның беделін түсіруге және одан ақша алуға тырысу деп мәлімдеді vera.kzРашид Аюповқа қатысты айыптау актісінің алты парағында Әбдірахымовтың тегі 10 рет айтылады. Шымкент қаласының экс-әкімі, ал қазір бір компанияның бас директоры сотқа жәбірленуші бизнесменмен қалай танысқаны туралы айтып берді.

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді

Vera.kz, 26 июня 2023 в 19:29

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді
Түркістан мен Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша жәбірленуші С.Қожабаевтың сұрауға алғаны туралы vera.kz хабарлады.Бұрынғы экс-әкім Рашид Аюповтың ісі бойынша бас жәбірленушіден онлайн режимде жауап алуға тура келді. Қорғаушы тарап тергеу барысында жәбірленуші кәсіпкер Сайдолла Қожабаевтың айғақтары тұрақсыз болғанын айтып, соттан жауап алуды офлайн режимінде жүргізуді сұраған.«Құрметті сот, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушілерден 8-10 рет жауап алынды және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына келу мүмкіндігі болды, сондықтан олардың сотқа қатыспауын сотты құрметтемеу деп бағалауды сұраймын», – деді Ерлан Газымжанов.«Ал адвокаттар ұшу ауыртпалығын, күтіп-ұстауды және сол жерде куәгерлерді табуға байланысты басқа шығындарды көтеруге дайынсыз ба?» — деп сұрады Астана ҚІМАС (Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) соты Қажымұхан Мекемтас.«Құрметті сот, айыптаушы тараптың куәгерлері – ауқатты адамдар.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Arna Press, 19 июня 2023 в 12:38

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі
Синоптиктер бүгін, 19 маусымда қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Республиканың олтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған.

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді

Arna Press, 02 июня 2023 в 16:18

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді
1 маусымда Астана әкімдігі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 60-тан астам көше мен 15 мектептің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазіргі таңда 60-тан астам көше мен 15 мектепке жаңа атаулар беру бойынша дайын ұсыныстар бар.

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін

Arna Press, 01 июня 2023 в 11:38

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін
Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды «Кореяның» жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым», — деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.Еске салайық, Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапары 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.Сурет: Tengrinews.kz

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады

Arna Press, 29 мая 2023 в 17:08

Жеке сот орындаушылары аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырады
Ағымдағы жылғы 29 мамырда Астанада жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ — мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді.

Астанада мұнара краны құлады: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды

Arna Press, 15 мая 2023 в 12:28

Астанада мұнара краны құлады: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды
Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.«Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр.

Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды

Arna Press, 11 мая 2023 в 12:18

Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды
Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.КПБ қызметкерлері мен Степногорск қаласының ӨҚБ жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, зергерлік дүкеннің батыл және мұқият жоспарланған тонауын әшкереледі.Еске салайық, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.ПД басшылығының нұсқауымен бірнеше жедел топтар құрылып, Ақмола аумағында да, көрші облыстарда да бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.Сонымен, елордада екі күдікті ұсталды: 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары.

Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін жаңа технологияларды енгізуді ұсынды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 20:18

Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін  жаңа технологияларды енгізуді ұсынды
Су тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең өткір экологиялық мәселелердің бірі. Жыл өткен сайын жағдай қиындап, ел билігі бұл мәселемен күресу үшін түрлі шараларды қолға алуда.Дүниежүзілік банк деректерінде Қазақстанда су ресурстарының шамамен 60%-ы ірі өзендер орналасқан елдің батыс Іле, Ертіс және т.б. бөлігінде екенін көрсетеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Arna Press, 17 апреля 2023 в 13:08

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады», — деді судья Бағлан Ыдырысов.Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды.

Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады

Arna Press, 12 апреля 2023 в 09:18

Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады
Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz.сайтына сілтеме жасап.«Бүгін, 11 сәуірде Жаңаөзен қаласының әкімдігі алдындағы алаңға жиналған Жаңаөзен қаласының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізді. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейне өтініш жасады. Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Arna Press, 04 апреля 2023 в 10:48

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды
Астанадағы элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Нұрмағамбетовтың айтуынша, Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді, ол жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұстаумен айналысқан.

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 00:28

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды
2023 жылдың 31 наурызында Астанадағы No2 Сарыарқа сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Қайрат Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен қатар, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Астанада 5 жасар қыз зорланды

Arna Press, 24 марта 2023 в 14:38

Астанада 5 жасар қыз зорланды
Астанада 5 жасар қыз зорланды.Полиция қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.«Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз анасы жұмысқа кеткенде әкесімен үйде қалған. Қыздың әкесіне бір танысы келіп, екеуі ішімдік іше бастаған.«Бір кезде бұл ер адам қызды оңаша апарып зорлаған.

Айналымы 34 миллион доллар: Астанада заңсыз криптовалюта айырбасы әшкереленді

Arna Press, 09 марта 2023 в 14:38

Айналымы 34 миллион доллар: Астанада заңсыз криптовалюта айырбасы әшкереленді
Астанада ҚР үш азаматының «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған.

Өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Arna Press, 05 марта 2023 в 22:38

Өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?

Arna Press, 02 марта 2023 в 10:28

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?
Сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр баспана келетінін есептеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның бір азаматына 23,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Мұндай деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.Тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіші Астанада — бір адамға 30,5 шаршы метр.

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды

Arna Press, 15 февраля 2023 в 21:28

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды
Семейде журналист Айман Шәріпханованың «Бәйтерекке жол» атты кітабінің тұсаукесері өтті. Айта кету керек, бұл кітап белгілі бір адамның немесе қоғам қайраткерінің өмір жолы туралы немесе Астанада бой көтерген Бәйтерек туралы емес. Бұл романда ежелгі дәуірден бері көшпенділер табынған мифтік ағаш жайлы айтылады.
Показано 30 новостей из 72