Популярные темы

Айналымы 34 миллион доллар: Астанада заңсыз криптовалюта айырбасы әшкереленді

Дата: 09 марта 2023 в 14:38 Категория: Новости экономики


Айналымы 34 миллион доллар: Астанада заңсыз криптовалюта айырбасы әшкереленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Астанада ҚР үш азаматының «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды.

«Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 миллион теңгесі тәркіленді. «Binance» платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.

Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 миллион АҚШ долларын құрады», — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет:Tengrinews.kz 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями