Популярные темы

Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты

Дата: 15 сентября 2023 в 17:38


Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты
Стоковые изображения от Depositphotos

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.

Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.

«Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік. Соымен қатар Алматыда 200,7 мың, Астанада 153,7 мың, Қарағанды ​​облысында 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында 137,4 мың автомобиль бар», — делінген статистика мәліметтерінде.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями