Популярные темы

Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?

Дата: 02 марта 2023 в 10:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бір қазақстандыққа қанша шаршы метр тұрғын үйден келеді?
Стоковые изображения от Depositphotos

Сарапшылар бір қазақстандыққа қанша шаршы метр баспана келетінін есептеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бір азаматына 23,4 шаршы метр тұрғын үйден келеді. Мұндай деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.

Тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіші Астанада — бір адамға 30,5 шаршы метр. Екінші орын алматылықтарға тиесілі — 29,1 шаршы метр. Әрбір тұрғынға орта есеппен 28,4 шаршы метр баспана берілген Маңғыстау облысы үздік үштікті түйіндеп тұр.

Келесілер:

Шымкент қаласы — 27,4 шаршы метр;
ШҚО — 26,5 шаршы метр;
Ақмола облысы — 26,1 шаршы метр;
Атырау облысы — 26 шаршы метр.

Сонымен қатар, қалаларда қамтамасыз ету деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары: бір қала тұрғынына шаққандағы тұрғын үй алаңының жалпы ауданы 25,8 шаршы метрді, ауылдық жерлерде — 19,8 шаршы метр.

Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысының ауыл тұрғындары арасында — орташа есеппен 15,8 шаршы метр.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями