Стоковые изображения от Depositphotos
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.
«Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды», — деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press