Arna Press,
09 сентября 2026
в 15:28
Семей қаласының күніне арналған мәдени-спорттық шаралар аясында 19 қыркүйек күні аударыспақтан облыстық жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек күні, сағат 09:00 Абай облысының аудандары мен Семей қаласынан жиналған үздік спортшылар ұлттық спорттың бірегей түрі – аударыспақтан өзара мықтыны анықтайды.
Arna Press,
09 сентября 2026
в 15:28
«Семейді сүю – тарихқа бас ию!» мәдени-спорттық шарасы аясында ұлттық ат спортының ең көрікті сайыстарының бірі – бәйгеден дүбірлі жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек, сағат 11:00. Степной кентіндегі атшабарЖарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:Аламан бәйге – 25 шақырым.
Arna Press,
09 сентября 2026
в 15:28
Семей қаласы күніне арналған үш күндік мерекелік мәдени-спорттық іс-шараларға шақырамыз, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 18 қыркүйек «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік іс-шарасы Қалалық мәдениет сарайы,14:00«Семей батыры» күштік экстрим жарысы. Ертіс өзенінің оң жағалауы.
Arna Press,
01 сентября 2026
в 13:28
Жаңа оқу жылында Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы мектепке барса, оның 10 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Семей қаласында биыл 5 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Білім күніне орай облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Степной кентінде орналасқан №46 жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
SportInfo,
01 сентября 2026
в 12:38
5 қыркүйекте елордада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Night Run» бұқаралық түнгі жүгірісі өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет.
Arna Press,
18 августа 2026
в 13:18
Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының «Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша оқу нәтижелері де бағаланатын болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталған пәндер бойынша формативтік бағалау жүргізіліп, аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.Министрліктің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова бұл өзгерістің мақсаты — барлық пән бойынша оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің көрініс табуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.Бағалау қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді.
Arna Press,
11 августа 2026
в 09:58
Қазақстанда Абай күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени, білім беру, ғылыми-ағартушылық және спорттық бағыттағы 350 іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Оларға 50 мыңнан астам адам қатысты.Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Абай дәуіріне қатысты қолжазбалар, архив құжаттары мен естеліктер ұсынылып, әдеби квест, Абай әндерінің фестивалі және көрме өтті.Алматыда өткен «Абай әлемі» музыкалық-поэзиялық кешіне 20 мыңнан астам адам жиналды.
Arna Press,
03 августа 2026
в 12:08
Үржар ауданының Тарбағатай тауының баурайында орналасқан «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығы жазғы сауықтыру маусымын жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.Орталықта демалушыларға спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұсынылып, олардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ерекше назар аударылуда.Биыл лагерьде 8 ауысым өткізу жоспарланған. Әр ауысымда 80 бала демалады.
Arna Press,
07 июля 2026
в 12:38
Қазақстанда Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті қаулы Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Енді жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік Туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, оның ішінде балкондарға орналастыра алады.
SportInfo,
16 июня 2026
в 12:56
Бүгін елордалық «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.
SportInfo,
05 июня 2026
в 13:36
6 маусымнан бастап елордада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты жыл сайынғы тегін әлеуметтік-спорттық жоба бастау алады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
01 июня 2026
в 17:08
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында «Бақытты бала — жарқын болашақ» атты балалар өнер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қалалық әкімдіктің баспасөзіне сілтеме жасап.Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
SportInfo,
01 июня 2026
в 13:36
Елордада өңірлерден келген 100-ден астам жас спортшының басын қосқан «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогы – 2026» республикалық турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша FIDE халықаралық рейтингін есептей отырып ұйымдастырылды. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
01 июня 2026
в 12:18
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушы Ақордада арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент резиденциясына пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттары шақырылды.Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды.
Arna Press,
28 мая 2026
в 13:48
Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты талаптарды сақтау бақылауы жалғасуда. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kzВедомствоның хабарлауынша, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынған.
Arna Press,
20 мая 2026
в 12:48
Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 19:56
Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының екінші медалін жеңіп алды.Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қытайдың Санья қаласында ерлер арасындағы эстафеталық сайыста қола жүлде сарапқа салынды. Бұл кезеңге Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин мен Рашид Хайбуллин жұбы жолдама алды.
Arna Press,
29 апреля 2026
в 11:58
Семей қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Семей көктемі» мәдени маусымы аясында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты достық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Мерекелік шара Қарағайлы ықшам ауданындағы «Республика» алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні алаң достық пен ынтымақтың, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан орталығына айналмақ.Фестиваль бағдарламасы аясында қонақтар үшін этноалаңдар, ұлттық тағамдар көрмесі, салт-дәстүр таныстырылымдары, балалар шығармашылығы көрмесі, қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылады.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 10:36
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден эстафеталық бәсекелер басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан екі жұп қатысты. Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина үздік мүмкіндіктерінде 16.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 8-орынмен 1/8 финалға жолдама алды.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 09:56
Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады.
SportInfo,
27 апреля 2026
в 17:36
Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
03 апреля 2026
в 13:58
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген.
SportInfo,
26 марта 2026
в 15:36
Филиппинде пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық пара велошабандоздар Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер), Полина Братчикова (пилот) командалық микс дисциплинасында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Азия біріншілігі рейтингтік жарыс болып табылады.
Arna Press,
17 марта 2026
в 16:18
Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ерекше ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасапБір уақытта 18 мыңнан астам бала қазақтың көне ұлттық ойыны — асық ойнауға қатысты.Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.Шара аясында 3000 бала «Алтын сақа» атты флешмобқа қатысып, арнайы композиция құрып, асықтың «алшы» түсу бейнесі мен «Алтын сақа» жазуын сомдады.
SportInfo,
10 марта 2026
в 18:56
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
09 марта 2026
в 00:06
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Arna Press,
20 февраля 2026
в 19:18
Қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларға жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы министрлік өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kzҚаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.«Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады.
EKaraganda.kz,
13 февраля 2026
в 17:16
«Тренер аға» – сериалы бұрынғы боксшы Дарханның өмір жолын баяндайды. Ол сегіз жыл бойы араласпаған әкесінің қазасына байланысты туған қаласына келеді. Ескі бокс залы – әкесінен қалған жалғыз мұра. Бір кездері бұл залда талай жасөспірім тәрбиеленіп, өмірге бағыт-бағдар алған еді. Залды жергілікті кәсіпкер қомақты қаржыға сатып алуды ұсынады.
Arna Press,
13 февраля 2026
в 16:58
2026 жылғы 12 ақпанда Семей қаласындағы №51 мектепте 1-4 сынып оқушыларының аналар командасы арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараның негізгі мақсаты — ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру.Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай бастамалардың мектеп пен ата-ана байланысын нығайтудағы маңызын атап өтті.Сайысқа 1–4 сыныптан 54 аналар белсенді қатысып, командалар өзара келісім негізінде құрылды.
SportInfo,
13 февраля 2026
в 12:26
Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы сілтеме жасап хабарлайды.