Популярные темы

Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл

Дата: сегодня в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл

«Семейді сүю – тарихқа бас ию!» мәдени-спорттық шарасы аясында ұлттық ат спортының ең көрікті сайыстарының бірі – бәйгеден дүбірлі жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

19 қыркүйек, сағат 11:00
Степной кентіндегі атшабар

Жарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:

Аламан бәйге – 25 шақырым
Бас жүлде – автокөлік
Жүлделі 5 орынға жүлде табысталады.

Топ бәйге – 15 шақырым
Бас жүлде – автокөлік
Жүлделі 5 орынға жүлде табысталады.

Құнан бәйге – 7 шақырым
Бас жүлде – квадроцикл
Жүлделі 5 орынға жүлде табысталады.

Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына үлес қосып жүрген елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын дүбірлі доданың өтуіне өз үлестерін қосуда.

Тұлпарлардың дүбірін, ұлттық спорттың айбынын бірге тамашалайық!

Бас төреші: Нұржан Смағұлов
8 707 930 06 18

Бәйге қатысушыларын тіркеу:
18 қыркүйек
10:00–18:00 аралығы

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями