Популярные темы

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Дата: 16 июня 2026 в 12:56 Категория: Новости спорта


Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Бүгін елордалық «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ел біріншілігіне Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген 40-қа жуық спортшы қатысуда. Жарыс ерлер, әйелдер және микст санаттары бойынша Open және Quad кластарында өтеді.

 

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями