Популярные темы

Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді

Дата: сегодня в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді

Семей қаласының күніне арналған мәдени-спорттық шаралар аясында 19 қыркүйек күні аударыспақтан облыстық жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

19 қыркүйек күні, сағат 09:00 Абай облысының аудандары мен Семей қаласынан жиналған үздік спортшылар ұлттық спорттың бірегей түрі – аударыспақтан өзара мықтыны анықтайды. Бұл дүбірлі дода білікті жаттықтырушы, спорт шебері, жоғары дәрежедегі ұлттық спорт төрешісі, аударыспақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы – Отынбаев Мақсұтхан Шәріпханұлының жүлдесіне арналады.

Жарыс барысында спортшылар үш салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды:

Жеңіл салмақ — 68 кг
Орта салмақ — 74 кг
Ауыр салмақ — 87+ кг

Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына үлес қосып жүрген елжанды кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда.

Бас төреші: Дәурен Төлеуғали
8 778 333 70 87

Ұлттық спортты ұлықтайтын тартысты сайысты тамашалауға барша қала тұрғындары мен қонақтарын шақырады. 

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями