Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының «Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша оқу нәтижелері де бағаланатын болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталған пәндер бойынша формативтік бағалау жүргізіліп, аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
Министрліктің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова бұл өзгерістің мақсаты — барлық пән бойынша оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің көрініс табуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Бағалау қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді. Керісінше, оқушылардың сабақ барысында орындайтын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстарының нәтижелері ескеріледі.
Осылайша, бағалау пәннің ерекшелігіне қарай жүргізіліп, баланың нақты білімі мен дағдыларын көрсетуге бағытталады.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press