Популярные темы

Шымкентте еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретеді

Дата: 11 июня 2021 в 12:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкентте еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкенттік еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретпек, деп хабарлайды vera.kz

«Ана жолы» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы балалар үшін ағылшын тілінің курсы қол жетпестей арман болған еді. Олардың ата-аналарына кейде, тіпті, тамақ табудың өзі қиынға түсетін. Сондықтан, қордың еріктілері ағылшын тілін үйретуді бастағанда үйренушілер тез-ақ табыла кетті. Әлеуметтік курстар Шымкенттегі «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығынан ашылып отыр.

«Біздің курсқа тегін қатысатын балалар тізімін жасадық. Олар – жетім және толық емес отбасының, сонымен қоса ата-анасының бірі төсек тартқан І топ мүгедегі саналатын отбасының балалары. Мұндай отбасылардың жағдайын біз жақсы түсінеміз. Ал мұндай санаттарға жатпайтын отбасылардың балалары айына  5 000 теңге төлейді», – дейді «Ана жолы» қайырымдылық қорының жетекшісі Гүзал Әуелбекова.

Қазіргі таңда курсқа оннан астам бала жазылған. Тіл үйренуге 7-ден 13 жасқа дейінгі балалар қатыса алады, Кәдімгі және толық отбасылардың балалары айына 5 000 теңге төлеп қатыса алады. Оқулықтар мен арнайы дәптерлер тегін беріледі. Балаларға шетел тілін тәжірибелі мұғалім Айгерім Миржибаева үйретпек. Адамдарға көмектесуді көптен бері армандап жүрген ол педагог тәжірибесі іске асатынын айтады.

«Әлеуметтік желіден арнайы мектеп ашылып жатқанын оқыдым. Өз үлесімді қосып, көмектесейін, балаларды оқытайын деп шештім. Бұл да болса мұқтаж отбасыларға деген көмек болмақ. Әрі балалар да жаз бойы телефон қарап отырмай, білім алады. Жыл бойы сабақтары да онлайн өтті. Енді алдағы оқу жылына дайындық қажет», – дейді ағылшын тілінің оқытушысы Айгерім Миржибаева.

Қор белсенділері тек көмектесіп қана қоймайды. «Адамға балық емес, қармақ бер» деген қағиданы ұстанған олар мұнда жаңа дағдыларды үйретіп, жұмыс іздеуге бейімдеуді көздер отыр. Тәжірибе ретінде бірнеше ай бұрын мұнда тігін цехы іске қосылған. Ерекше баласы бар аналар өздеріне және балаларға киім тігуді үйренді. Қазір олар өздерінің туындыларын мақтанышпен көрсете алады.

«Біздің әлеуметтік тігін цехында аналар негізінен киім тігуді үйренген. Біраз біз қазір кеңейіп, үй текстилін тігуді үйретуді де қостық. Бүгін кішкентай модельдерімізбен бірге дефиле өткізуді ұйғардық. Бұл алғашқы емтихан десек те болар», – дейді тігін цехының үйретушісі Нұржамал Миржибаева.

«Ана жолы» қайырымдылық қорындағы тігін цехының үйренушілері қазір тек өздеріне ғана емес, тапсырыспен де өнімдер тігуде. Дайын бұйымдарды олар әлеуметтік желіде бөлісіп, болашақ тапсырыс берушілер сонда бағалай алады. Жаңа оқу жылы басталар кезде қор белсенділері ұзартылған күн тобындағы оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Ал курсқа жазылу бойынша +7 (702) 369-92-49 нөміріне жазуға болады «Ана жолы» баларды оқу орталығының меңгерушісі Гүльнар.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» чатына сілтеме: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями