Популярные темы

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы неге Алматыда орналасқаны айтылды 20 августа 2021, 14:59

Дата: 20 августа 2021 в 15:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы неге Алматыда орналасқаны айтылды
                20 августа 2021, 14:59
Стоковые изображения от Depositphotos

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неге Алматыны таңдағанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол ОКҚ-дағы онлайн-брифингте мәлім етті. Рахметуллиннің сөзінше, БҰҰ басшылығы Ауғанстан миссиясының қызметкерлерін уақытша орналастыратын жер ретінде бірнеше нұсқаны қарастырған.

«Алматыны таңдауына бірнеше фактор себеп болды. Мысалы, оңтүстік астанамыз қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі аймақтық орталығы саналады. Инфрақұрылымы дамыған, сондай-ақ, әлемнің басқа елдерімен әуе қатынасы қолайлы. Бұл тұста еліміздің өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік бойынша абыройы зор рөл атқарды. Алматыны көпжақты әріптестіктің аймақтық орталығы деп атауға болады», — деді вице-министр.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Алматыдағы халықаралық ұйымдар ғимаратында БҰҰ-ның 18 агенттігінің өкілдері орналасқан. 

Еске салайық, 18 тамызда Алматыға БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясының 141 қызметкері ұшып келген болатын. БҰҰ республика басшылығына қызметкерлерді уақытша қабылдап, қашықтан жұмыс істеуіне көмек сұрап жүгінген. Президент бұл ұсынысты қолдаған. БҰҰ қызметкерлері елде бірнеше ай болады деп болжанып отыр. Олардың шығынын БҰҰ көтереді.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы
Поделитесь новостью с друзьями