Популярные темы

Алматыда вирус жұқтыру қаупі бар 5 орын аталды 17 августа 2021, 12:42

Дата: 17 августа 2021 в 12:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда вирус жұқтыру қаупі бар 5 орын аталды
                17 августа 2021, 12:42
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупті бар негізгі бес орынды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ең бірінші орында сауда нысандары — 35 пайыз. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3 пайызға өсті. Кейін отбасындағы байланыс — 18 пайыз, қоғамдық көлікте — 17,6 пайыз. Өсім — 1,4 пайыз. Төртінші — базарлар. Адамдар негізінен, 13 пайызы, азық-түлік базарында вирус жұқтырған. Бесінші — отбасылық іс шаралар, той, мереке, қоғамдық шаралар. Тамыздан бастап барлық өңірде тойлар көбейіп жатыр. Онда вирус жұқтырғандар саны 2,1 пайызға көбейгенін айтқым келеді», — деді Бекшин брифингте. 

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың «дельта» штамын жұқтырғандар үлесі 90 пайызға жеткенін хабарлаған болатын. 

Еске салайық, Алматы күнделікті вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Қазақстанда көш бастап түр, кейінгі тәулікте 1517 адамнан коронавирус анықталды. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями