Популярные темы

бұрын: новости — страница 7

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді? 30 апреля 2022, 08:00

Tengrinews, 30 апреля 2022 в 08:03

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді?
                30 апреля 2022, 08:00
1 мамырдан бастап қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. Талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ шоттарына аударылады 2022 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорындағы (ҚДКБҚ) кепілдік берілген депозиттер бойынша бір жыл бойы талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару үшін БЖЗҚ-ға аударылады.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні жарияланды 16 марта 2022, 16:12

Tengrinews, 16 марта 2022 в 16:23

Президенттің Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні жарияланды
                16 марта 2022, 16:12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек — депутат Айдос Сарым «қаңтар оқиғасы» туралы 14 марта 2022, 14:42

Tengrinews, 14 марта 2022 в 14:53

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек - депутат Айдос Сарым
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл шешімдері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарым Парламент, сөзсіз, заң мен фактіге сүйеніп, эмоциядан гөрі қатал қисынға, лирикасыз логикаға негізделіп сөз сөйлейтін орын екенін атап өтті. «Бірақ бүгінгі күн тақырыбы мені дәл осы тәртіптен озып, эмоцияға негізделген сөз сөйлеуге итермелеп отыр.

Танымал адвокат Абзал Құспан Президент Тоқаевқа алғыс айтты 14 марта 2022, 12:32

Tengrinews, 14 марта 2022 в 12:33

Танымал адвокат Абзал Құспан Президент Тоқаевқа алғыс айтты
                14 марта 2022, 12:32
Танымал адвокат Абзал Құспан Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасынан соң құрылған «Аманат» комиссиясы жұмысымен таныстырып, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылармен кездесу нәтижесінде елдің барлық өңірінде байқалған ортақ белгілер туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Абзал Құспан комиссия атынан және олар қорғаған жүздеген адамның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Қасіретті қаңтар: Бас прокурор депутат сауалына қалай жауап берді? 14 марта 2022, 11:24

Tengrinews, 14 марта 2022 в 11:33

Қасіретті қаңтар: Бас прокурор депутат сауалына қалай жауап берді?
                14 марта 2022, 11:24
Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша қазіргі таңда 3 770 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының атынан Жанарбек Әшімжанов қасіретті қаңтар оқиғасына құқықтық баға беруді сұраған болатын. Оқиға хронологиясы Бүгін Мәжіліс отырысында Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов алдымен қысқаша бейнеролик көрсетіп, депутаттық сауалға жауапты оқиға хронологиясынан бастады.

Қазыбек би атындағы аудандағы 100 көше көктемгі су тасқынына бейім

EKaraganda.kz, 04 марта 2022 в 20:15

Қазыбек би атындағы аудандағы 100 көше көктемгі су тасқынына бейім
Бадин және Нұра көшелерінің қиылысы. Тиегіш техника қарды камазға салады. Алдыңғы әйнегінде «Әкімдік қар шығарады«деген жазу бар. Қызғылт күртешелердегі жұмысшылар мұз бен қарды аршып, бітелген нөсер мен арықтарды тазалауда. Егер бұл жұмыс түрі жасалмаса, бірнеше аптадан кейін еріген су адамдардың үйлеріне тікелей кіру қаупі бар. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі көшедегі арықтарға тазалау жұмыстары жүргізілетіні жөнінде жергілікті тұрғындарды екі апта бұрын ескерткен болатын. Әлеуметтік желілердегі ресми парақтарда тиісті хабарламалар жасалды.

Шетелде жүргенде қауіп туындаса не істеу керек? Маман кеңестері 25 февраля 2022, 18:20

Tengrinews, 25 февраля 2022 в 18:33

Шетелде жүргенде қауіп туындаса не істеу керек? Маман кеңестері
                25 февраля 2022, 18:20
24 ақпанда Украина СІМ Ресейдің толық шабуылы басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Украинада жағдай шиеленісіп жатқаны жасырын емес. Өзге елде жүргенде Қазақстан азаматтары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда не білу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Беккулов Азамат жауап берді.

«Жойқын жарылыстар». Киевтегі қазақтар елдегі жағдайды айтты 24 февраля 2022, 13:43

Tengrinews, 24 февраля 2022 в 13:53

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында төтенше соғыс жағдайы енгізілгенін жеткізді. Киевте жұмыс істейтін қазақстандық Зафар Сүлейменов Tengrinews.kz тілшісіне елде не болып жатқанын әңгімелеп берді. «Қысқа-нұсқа айтқанда, жойқын жарылыстар болып жатыр. Өзім Голосеев пен Васильков станцияларының арасында тұрамын.

Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы 24 февраля 2022, 12:29

Tengrinews, 24 февраля 2022 в 12:33

Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы
                24 февраля 2022, 12:29
21 ақпанда Путин ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі республикалармен достық және ынтымақтастық туралы шарттарды ратификациялады. Алайда 23 ақпанда жағдай шиеленісе түсті. Украина мен Ресей арасындағы жағдай туралы қазірге дейін не белгілі?

Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді 23 февраля 2022, 13:43

Tengrinews, 23 февраля 2022 в 13:53

Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді
                23 февраля 2022, 13:43
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неге Қазақстанда утильалымнан бас тартуға болмайтынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұл кімге тиімді? Ойланып көрейік. Біз былтыр елде 92 мың автомобиль өндірсек, оларды сатып алған адамдар утильалым төлемесе? Қымбат автомобильдер де бар, мысалы жол талғамайтын көліктер.

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат 21 февраля 2022, 09:12

Tengrinews, 21 февраля 2022 в 09:23

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат
                21 февраля 2022, 09:12
Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады.

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар 18 февраля 2022, 16:19

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 16:23

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар
                18 февраля 2022, 16:19
Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 14 ақпанда Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Календеровтің қызметі Президент Әкімшілігімен келісе отырып Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша тағайындалған.

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат 17 февраля 2022, 11:54

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 12:03

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат
                17 февраля 2022, 11:54
Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Харпердің айтуынша, уақыт тұрақты өлшем емес, ол бірнеше себепке байланысты ауытқуы мүмкін. «Уақыттың өлшемі сағаттағы цифр ғана емес, ол, сонымен қатар, адам санасындағы құрылымы әлдеқайда күрделі механика.

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат 17 февраля 2022, 10:38

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 10:43

Мұғалімдерді жұмысқа жегу, медиасауат сабағы және жазаланған басшылар. Асхат Аймағамбетовпен үлкен сұхбат
                17 февраля 2022, 10:38
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов #TengriTаlk эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берді. Эфир барысында білім саласындағы жаңалықтар, мектеп бағдарламасына енгізілетін өзгерістер, мұғалімдерді аттестациядан өткізу, елімізде беделді шетел университет филиалдарының ашылуы, «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер мен педагогтер мәселесі талқыланды.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады 16 февраля 2022, 21:14

Tengrinews, 16 февраля 2022 в 21:23

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
                16 февраля 2022, 21:14
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін бүгінде барлығы 3096 соталды тергеу тіркелген. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қилымжановтың айтуынша, олар негізінен бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары.

Жалғасы бола ма? «5:32» сериалының режиссерімен үлкен сұхбат 15 февраля 2022, 14:31

Tengrinews, 15 февраля 2022 в 14:43

Жалғасы бола ма?
Tengrinews.kz тілшісі «5:32» сериалының авторы әрі режиссері Әлішер Үтевпен сұхбаттасып, сценарий қалай жазылғанын, ондағы цензура мен ерекшеліктер туралы сұрады. Сонымен қатар, режиссер жобаны жарты жолда тастап, көп шығынға ұшыратқан танымал актер туралы және Қазақстандағы ең танымал каннибал туралы сөз қозғады.

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді 14 февраля 2022, 10:57

Tengrinews, 14 февраля 2022 в 11:03

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді
                14 февраля 2022, 10:57
Кейінгі жылдары кеш жүктілік және бедеулік фактілері жиілеп кетті. Оған қоса, жатырда шетінеп кеткен нәрестелердің де саны азаймай тұр. ДДСҰ мұның бірнеше медициналық себебін түсіндірген. Изосерология ғалымы, акушер-гинеколог Давид Гербер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталып, резус қақтығысы мен оның қаупі туралы айтып берді.

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр 11 февраля 2022, 14:51

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 14:53

Қарапайым видеографтан топ-операторлыққа дейін. Атыраулық жігіт атақты әншілерге бейнебаян түсіріп жүр
                11 февраля 2022, 14:51
Абзал Батырғали — 24 жасында Coca-Cola сияқты әлемдік компанияларға жарнама, ал RaiM & Artur, Truwer, Limba сынды қазақстандық танымал әншілерге бейнебаян түсіріп жүрген қарапайым атыраулық жігіт. Бұл салада арнайы білімі жоқ ол түсірілім өнерін өзі үйренген. Tengrinews.kz тілшісі жас қоюшы оператормен әңгімелесіп, Қазақстанда бұл сала қалай дамып жатқанын, бәсеке мен кадрдағы ең маңызды бөлшектер туралы сұрады.

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды? 11 февраля 2022, 11:19

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 11:33

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды?
                11 февраля 2022, 11:19
Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. Алматыда жақын арада болуы мүмкін (ықтимал) жер сілкіністері туралы қандай да бір зерттеу бар ма? Қазақстан территориясында және жапсарлас жатқан аумақтарда жылына 7 мыңға дейін, кей жылдары 10 мыңнан аса жер сілкінісі тіркеледі.

«Қасіретті қаңтар»: 2750 қылмыстық іс тергеуде 04 февраля 2022, 20:12

Tengrinews, 04 февраля 2022 в 20:23

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2750 қылмыстық іс тергеуде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты. «Бас прокуратура қаңтар оқиғасында орын алған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр.

«Аллергиясы бар науқастарға коронавирустан қауіп көп» — америкалық иммунолог 04 февраля 2022, 15:37

Tengrinews, 04 февраля 2022 в 15:43

COVID-19 пандемиясы ауа тазалығына қатысты бұрын-соңды болмаған ғылыми болжамдардың расталуына мүмкіндік ашты. Әсіресе, маска тағу тәртібі мен санитариялық шаралардың арқасында өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, демікпе және аллергия қозуы азайып, дәстүрлі ем түрі біршама түрленді. Америкалық аллерголог және иммунолог Кортни Блэр Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында коронавирус кезіндегі аллергиялық аурулар және оларды емдеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты 02 февраля 2022, 10:16

Tengrinews, 02 февраля 2022 в 10:23

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты
                02 февраля 2022, 10:16
Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың ролін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төраға жалпы отырысты бастамас бұрын бірнеше мәселені атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор.

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции 01 февраля 2022, 17:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 17:33

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции
                01 февраля 2022, 17:25
Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание по вопросам противодействия коррупции. Пресс-служба Акорды опубликовала видеозапись выступления Главы государства, передает Tengrinews.kz. Кроме того, ниже приводим текст выступления Касым-Жомарта Токаева на двух языках.«Құрметті кеңеске қатысушылар! Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу — біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.

«Интернетті шексіз пайдалануға болады». Фейк болып шыққан Tesla Phone туралы не белгілі? 01 февраля 2022, 09:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 09:33

Желіде Илон Маск дайындап жатыр деген Tesla Phone туралы қауесет әлі де басылар емес. Смартфонның алғашқы үлгілері Желіде бес жыл бұрын, 2017 жылы пайда болды. Алайда ол компания ресми түрде таныстырған ұялы телефон емес, тек түрлі сарапшылардың ұсынған үлгісі еді. Масктың компаниясы ұялы телефон шығаратынын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр? 28 января 2022, 17:11

Tengrinews, 28 января 2022 в 17:23

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр?
                28 января 2022, 17:11
Еуропа елдерінде СOVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік көрсеткіші әлі де жоғары. Мұны министрліктер омикрон шатымың жылдам тарауымен байланыстырып отыр. Алайда қазір әр елде карантин шаралары әр түрлі. Бірқатар елде 1 ақпаннан бастап өзгерістер де енеді, бірінде шектеулер жеңілдесе, екіншісінде керісінше қатаңдайды.

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр 28 января 2022, 14:23

Tengrinews, 28 января 2022 в 14:33

Қазақстандық музыкант Голливуд трейлерлеріне әуен жазып жүр
                28 января 2022, 14:23
Қазақстандық Тигран Папазян Голливуд және ТМД фильмдерінің трейлеріне музыка жазып жүр. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында трейлер индустриясы мен ондағы ерекшеліктер туралы айтып берді. Тигран — Петропавл қаласының тумасы, жасы 31-де. Ең қызығы, оның музыкалық білімі жоқ, ал бітірген мамандығы — құқықтану.

«Оңай әдіс жоқ» — 7 тіл білетін қазақстандық тіл үйренудің қыр-сырын бөлісті 26 января 2022, 14:45

Tengrinews, 26 января 2022 в 14:53

Түркістандық Нурислам Вахапов 26 жасында 7 тіл біледі, оған қоса тағы екі тілді меңгеріп жүр. Оның сөзінше, тіл үйренуде ешқандай оңай әдіс жоқ, алайда белгілі бір ережелерді білсең, жетістікке жетуге болады. Полиглот жігіт Tengrinews.kz тілшісімен өзге тілдерді үйренудегі сырын бөлісті. «Қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын, қытай, итальян тілдерін білемін. Қазіргі уақытта корей және испан тілдерін үйреніп жүрмін», — дейді ол.

Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті 26 января 2022, 13:50

Tengrinews, 26 января 2022 в 13:53

Ауыл балаларының ойынына комментатор болған жігіт Қазнетті тәнті етті
                26 января 2022, 13:50
Желіде ауыл балаларының ауладағы ойынын спорт комментаторы ретінде жүргізген жігіттің видеосы тарады. Қазнеттегілер видеоны жоғары бағалап, комментаторды мақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі видео авторы Тағай Нұралиевпен сөйлесіп, оны қашан және қайда түсіргенін сұрады. Тағай Нұралиев — Шымкент тұрғыны.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы 25 января 2022, 17:15

Tengrinews, 25 января 2022 в 17:23

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы
                25 января 2022, 17:15
Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп, барлық дерлік өңір «қызыл» аймаққа өтті. Оның себебін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ең алдымен бұл омикронның өз қасиеттеріне байланысты.

Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады 24 января 2022, 10:19

Tengrinews, 24 января 2022 в 10:33

Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады
                24 января 2022, 10:19
Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қалада 100 мың адамға шаққанда бір аптадағы ауру өсімі салыстырмалы баяулады, 6,5-тен 2-ге. Бірақ бір тәуліктегі көрсеткіш 0,97-ден 1,24-ке өсті.
Показано 30 новостей из 342