Популярные темы

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы 25 января 2022, 17:15

Дата: 25 января 2022 в 17:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы
                25 января 2022, 17:15
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп, барлық дерлік өңір «қызыл» аймаққа өтті. Оның себебін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Ең алдымен бұл омикронның өз қасиеттеріне байланысты. Омикрон штамы тезірек таралатынын, вирус жұқтыру жағдайлары екі есе тез жұғатынын бұған дейін де айтқанбыз. Инкубациялық кезең қысқарды — 3-4 күн. Оған қоса адам ауру белгілері пайда болғанға дейін екі күн бұрын және жазылған соң екі күн жұқпалы болады. 

Жаңажылдық мерекелерде адамдардың бір-бірімен етене араласуы, ішкі және сыртқы миграция және елімізде болған тәртіпсіздіктер коронавирустың таралуына, әрине, әсер етті. Фактор көп. Барлық өңірде өсім бар. Қазір түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта», — дейді Айжан Есмағамбетова.

Ол омикрон жұқтыру жағдайларының өсуін тек тәртіпсіздіктермен байланыстырмайтынын айтты.

«Омикрон 16 желтоқсанда елде болғаны анықталды. Жалпы елдегі жағдайға келер болсақ, 1 қаңтардан бері 170 мың жағдай анықталды. Осы дерекке қарап отырып-ақ аурудың өте жылдам тарап жатқанын көруге болады», — деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 9 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 166 697-ге жетті.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями