Популярные темы

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты 02 февраля 2022, 10:16

Дата: 02 февраля 2022 в 10:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты
                02 февраля 2022, 10:16
Стоковые изображения от Depositphotos

Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың ролін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төраға жалпы отырысты бастамас бұрын бірнеше мәселені атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор. Сондықтан сындарлы кезеңде халық сеніміне шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау біздің, депутаттардың басты міндеті. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап та қашан да жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елімізге қауіп төнген сын сағатта Мемлекет барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл шешімдер қабылдады», — деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Еске салайық, кеше, 1 ақпанда Ерлан Қошанов ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланған еді. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен ресми түрде босатылған.  

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями