Популярные темы

СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр? 28 января 2022, 17:11

Дата: 28 января 2022 в 17:23 Категория: Здоровье


СOVID-19 пандемиясы: Еуропада неге карантин жеңілдеп жатыр?
                28 января 2022, 17:11
Стоковые изображения от Depositphotos

Еуропа елдерінде СOVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік көрсеткіші әлі де жоғары. Мұны министрліктер омикрон шатымың жылдам тарауымен байланыстырып отыр. Алайда қазір әр елде карантин шаралары әр түрлі. Бірқатар елде 1 ақпаннан бастап өзгерістер де енеді, бірінде шектеулер жеңілдесе, екіншісінде керісінше қатаңдайды. Tengrinews.kz тілшісі Еуропадағы жағдайға шолу жасады. 

Италияда 1 ақпаннан бастап көптеген дүкенге кіру үшін «жасыл» статус міндетті болады. Бұл талаптан супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, дәріханалар, оптика және жанармай, мал азығы және мамандандырылған медициналық жабдықтар сататын дүкендер сияқты «негізгі» кәсіпорындар босатылады. Банктер, пошта бөлімшелері және мемлекеттік органдар 1 ақпаннан бастап «жасыл» рұқсатты талап етеді, алайда полиция бөлімшесіне сертификат қажет емес. Ал вакцинация негізінде берілетін ішкі рұқсаттар тоғыз айдан алты айға дейін қысқарады.

Алайда Еуропалық одаққа кіретін елдерден келгендер үшін кіру шарты жеңілдеді, енді олар вакцина паспортын көрсетсе жеткілікті. The local It сайтындағы мәлімет бойынша, енді Италияның Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпанға дейін басқа елдерден келген саяхатшыларға шектеулерді қайта қарауға ниетті. 

Мысалы Данияда ақпаннан бастап барлық карантин шектеулері алып тасталуы мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрі Магнус Хойники Парламентке келесі аптадан бастап коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастау туралы ұсынысхат жолдады. Бұл туралы Reuters хабарлады. Бұл ұсынысты әлі Парламент мақұлдауға тиіс. Десе де заң шығарушы орган келіссе, бұл Солтүстік Еуропадағы карантин талаптары ең жеңіл елге айналмақ. 

Өзгерістер қабылданса, елде түнгі клубтар ашылып, мейрамханалар 22.00-ден кейін алкоголь сата алады, клиенттерге вакцина сертификатын көрсету қажет болмайды. Жолаушылар қоғамдық көлікті маскасыз пайдалана алады, ал дүкендер тұтынушылар санына қатысты шектеулерді алып тастай алады.

Қалатын шектеулер: Данияға кіргенде міндетті тестілеу мен карантин ережелері тағы төрт аптаға сақталады. Алайда екі апта бұрын Дания бір айлық локдауннан кейін ғана шектеулерді жеңілдеткені айта кеткен жөн. Оның өзінде кинотеатрлар мен музыкалық мекемелер ғана ашылды. 

Осы аптада Ұлыбритания, Норвегия, Ирландия және Нидерланды коронавирус шектеулерінің көбін алып тастау туралы шешімдер жариялады.

11 ақпаннан бастап Ұлыбритания Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған препараттармен вакциналанған саяхатшылар үшін елге келгенде ПТР тест тапсыру талабын алып тастады. Олар тек жеңілдетілген сауалнаманы толтырып, онда екпе статусын, жол жүру тарихын және байланыс деректерін көрсетуі тиіс

Сонымен қатар, толық вакциналанған деп саналмайтын адамдар, атап айтқанда екпе алмаған немесе ДДСҰ мойындамаған вакцина салдырған адамдар Ұлыбританияға келгенге дейін және келгеннен кейін тест тапсыруы керек. 18 жасқа дейінгі саяхатшылар шекарада бұрынғыша тест тапсырмайды. Айта кетейік, адамнан коронавирус анықталған жағдайда оқшаулануы тиіс.

Норвегия да 26 қаңтардан бастап елге кіргеннен кейін карантин болмайтынын мәлімдеді. Үкімет сайтында жазылған ақпаратқа сәйкес, бұл ДДСҰ мақұлдамаған препарат салдырған немесе мүлде вакциналанбаған туристерге қатысты айтылып отыр. Енді Норвегияға ПТР немесе экспресс-тест нәтижесі теріс деген анықтамамен ғана кіруге болады. Елге келгеннен кейін адам тағы бір тест тапсырады, коронавирус анықталса өзін-өзі оқшаулайды. Десе де Норвегия билігі де ауру саны көбейсе немесе вирустың жаңа штамы пайда болса, қайта қатаң карантин шаралары енгізілетінін ескертті. 

Аустрия 31 қаңтарда екпе алмаған адамдар үшін локдаун аяқталатынын мәлімдеді, оның себебін ауруханаларға жүктеменің азайғанымен байланыстырып отыр. 

«Біз Аустрияда вакциналанбаған адамдар үшін локдаун тек қарқынды терапия жүктемесіне ауырлық түскенде ғана ақталады деген қорытындыға келдік», — деген еді елдің денсаулық сақтау министрі Вольфганг Мюкштейн баспасөз мәслихатында.

Аустрияда 15 қарашадан бастап екпе алмаған адамдар үшін локдаун енгізілген еді, олар үйден азық-түлікке немесе жұмысқа ғана шыға алатын. 

Ал Польша, Чехия, Венгрия, Болгария және Румынияда Омикронға байланысты вирус жұқтыру деңгейі рекорд жағдайларға жетіп жатыр. Әсіресе вакцинация деңгейі төмен Румыния мен Болгарияда 2021 жылдың аяғында COVID-19-дан өлім жағдайлары жоғары деңгейді көрсетті. Алайда вирустың таралуын шектеу үшін қатаң карантин енгізілмеді десе болады. Бірқатар елде коронавирус жағдайларының тәуліктік өсімі бойынша антирекордтар тіркелді: Германияда – 203 136, Польшада – 57 659, Чехияда – 54 685, Украинада – 32 393.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап Чехия үкіметі COVID-19-ға қарсы вакцинацияның жарамдылық мерзімі екінші дозаны алған күннен бастап тоғыз айға созылады деген шешімге келді. Бустерлік екпенің жарамдылық мерзімі әзірге белгісіз. Ереже барлығына, соның ішінде Чехияға келушілерге де қатысты болады.

Сондай-ақ, Чехияға баратын шетелдік азаматтарда 2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап сапар алдында ПТР тесттің теріс анықтамасы болуы керек. Бұл талап екпе алған және соңғы алты айда COVID-19 жұқтырып, ауырған адамдарға да қолданылады.

Ал Польша бастауыш және орта мектеп оқушыларын осы аптада қашықтан оқуға жіберді, бірақ мейрамханалар, кинотеатрлар және басқа да қоғамдық орындар ашық.

Жақында Болгария үкіметі бизнесті қорғау үшін және қашықтан оқуды азайту мақсатында, күнделікті жұқпалы аурулардың санына емес, реанимация палаталарының жұмысына негізделген қатаң шектеулер енгізетінін айтты.

Финляндия шекарадағы шектеулерді 14 ақпанға дейін ұзартты. ЕО-ға немесе Шенген аймағына кірмейтін елдерден келген адамдардан шекарада вакцинация немесе соңғы алты айда аурырғаны және ПТР тесттің теріс нәтижесі жазылған сертификат көрсетуі талап етіледі.

Еске салайық, Қазақстанда да карантин шаралары жеңілдеді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданғанын айтты.

Оның айтуынша:

кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын одан әрі іске асыру жалғасады; барлық аймақта «жасыл» және «көк» мәртебесі барларға кіруге болатын нысандар үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады; Ashyq арқылы эпидемиологиялық аймаққа қарамастан салтанатты, мерекелік, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, спорт кешендеріне, сауықтыру және діни нысандарға, ойын-сауық нысандарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне «жасыл» мәртебесімен кіру шектелмейді.

Қонақүйлерге, әуежайларға, теміржолдарға, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарына, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарға «көк» мәртебемен шектеусіз кіруге рұқсат беріледі.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Здоровье
Поделитесь новостью с друзьями