Популярные темы

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек — депутат Айдос Сарым «қаңтар оқиғасы» туралы 14 марта 2022, 14:42

Дата: 14 марта 2022 в 14:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Біз үшін үлкен сабақ болуы керек - депутат Айдос Сарым
Стоковые изображения от Depositphotos

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл шешімдері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сарым Парламент, сөзсіз, заң мен фактіге сүйеніп, эмоциядан гөрі қатал қисынға, лирикасыз логикаға негізделіп сөз сөйлейтін орын екенін атап өтті.

«Бірақ бүгінгі күн тақырыбы мені дәл осы тәртіптен озып, эмоцияға негізделген сөз сөйлеуге итермелеп отыр. Артық айтсам, асыра айтсам, айып етпеңіздер. Қаралы қаңтар оқиғалары біз үшін үлкен сабақ болуы керек. Айналдырған үш-төрт күн біздің санамызды дүр сілкіндіріп, қарапайым қағидалар мен мәңгілік құндылықтардың да әлсіз, қорғансыз екенін көрсетті. (...) Шынын айтайықшы, қаңтар күндері қазақ елі, қазақ ұлты өзінің Мемлекеттігінен, тәу еткен Тәуелсіздігінен айырылып қала жаздады. Осы трагедияны жоспарлаған, осыдан ұпай жинап, мемлекетті төңкергісі келгендердің діттеген сасық мақсаттары мен пасық ойлары іске асқан болса, елімізде кейбір әсіре патриот азаматтардың түсіне кірмеген антиутопиялар жүзеге асар еді», — дейді депутат. 

Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл әрекеттері туралы айтты. 

«Жағынайын-жағымпазданайын деп айтып отырған жоқпын, қас шындығы, анығы бір: президентіміз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде тиісті тарихи шешімдерді қабылдамағанда, «Қайтсе де астанада қаламын, елмен бірге боламын» деп табандылық танытпағанда, біздер бүгін мына жиынды өткізіп отырмас едік. Мемлекеттігімізден, тұтастығымыздан айырылып, автомобиль емес, автомат іздеп, ұрандаған Украинадан бұрын тұңғиыққа батып, шашылып жатар ма едік, кім білсін? 

Шынын айтайық, мұндай тарихи шешімдерді Президент Тоқаев жеке-дара қабылдады. Ең бастысы — сол үшін орасан зор жауапкершілікті де мойнына жеке дара артты. Көпшілігіміз президент мойнына артқан тарихи жауапкершілік, мәңгілік миссия биіктігіне сол күндері шыға алған жоқпыз. Көпшілігіміз президентті алдығ шығарып, артына тығылып, жасқанып, қорқып, үрейленіп қалдық! Әлі де биіктеп, көтеріле алмай келеміз», — дейді депутат. 

У Tengrinews.kz есть Telegram-канал. Это быстрый и удобный способ получать самые главные новости прямо на твой телефон.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями