Популярные темы

Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады 24 января 2022, 10:19

Дата: 24 января 2022 в 10:33 Категория: Здоровье


Алматы бас санитария дәрігері өңірдегі эпиджағдайға болжам жасады
                24 января 2022, 10:19
Стоковые изображения от Depositphotos

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Қалада 100 мың адамға шаққанда бір аптадағы ауру өсімі салыстырмалы баяулады, 6,5-тен 2-ге. Бірақ бір тәуліктегі көрсеткіш 0,97-ден 1,24-ке өсті. Ауру жағдайларының лезде көбеюі омикрон штамының дельта штамын ығыстыруынан болып отыр. Осылайша бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны екі жарым мыңға жетті. Ай соңында тәулігіне 3 мың адамға дейін коронавирус жұқтырады деп болжап отырмыз», — деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Бас санитария дәрігері қалада СOVID-19-ды қайта жұқтыру дерегі екі есе өскенін айтты. 

«Бұрын-соңды вирус жұқтырғандар арасында ауру 16 есе өсті. Ал вакцина алғандар арасында 3,6 есе. Осылайша вакцина вирус жұқтырудан жақсы қорғайтынын көрсетіп отыр», — деді ол.  

У Tengrinews.kz есть Telegram-канал. Это быстрый и удобный способ получать самые главные новости прямо на твой телефон.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Здоровье
Поделитесь новостью с друзьями