SportInfo,
23 декабря 2025
в 10:06
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан ерлер құрамасы Швейцарияның Энгельберг қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жүлделер екі жарыс күні бойы сарапқа салынды. Алғашқы күні шешуші кезеңге Данил Васильев жолдама алып, турнирді 42-орынмен аяқтады.
SportInfo,
23 декабря 2025
в 09:36
Шымкентте таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. 18 өңірінен барлығы 273 даянг шебері қатысты. Аталған ел біріншілігі 2026 жылғы спорт маусымында Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеу жарысы болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Үш күнге созылған жарыста спортшылар, ерлер – 8, әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
SportInfo,
19 декабря 2025
в 10:46
Петропавлда күрделі жөндеуден кейін теннис орталығы ашылды. Енді нысан халықаралық талаптарға толық сай келеді. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
19 декабря 2025
в 10:16
18 желтоқсанда, Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс бағдарламасындағы алғашқы старт — әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт. Аталған жарыста Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды.
SportInfo,
17 декабря 2025
в 12:46
Бразиляның Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
11 декабря 2025
в 12:06
Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTA Youth Contender атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы тоғыз медаль еншіледі. U11, жекелей сын. 2-орын — Аделя Алжанова. 3-орын — Шохина Миркодирова.
Arna Press,
09 декабря 2025
в 13:18
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесіп, өңірдегі медициналық қызметтің жай-күйіне қатысты баяндама жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Вице-министр келтірген ресми статистика республика көлемінде оң динамика көрсеткенімен, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтар жауапсыз қалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ең алдымен вице-министр өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін атап өтті«2024 жылы республика бойынша өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды, ал Абай облысында – 75,02 жас.
SportInfo,
03 декабря 2025
в 12:36
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медаль жеңіп алды.
SportInfo,
03 декабря 2025
в 12:06
2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды: Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді.
SportInfo,
27 ноября 2025
в 11:26
Германияның Дюссельдорф қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Düsseldorf II турнирі өтуде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан атынан сынға түскен төрт спортшының нәтижелері төмендегідей:. Аралас жұптық сайыс. 1/8 финал. Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова — Лорис Стефани / Вивьен Шолц (Люксембург) — 3:1.
SportInfo,
27 ноября 2025
в 03:56
Данияда өткен «Копенгагенге» қарсы 5-тур ойынында (2:3) «Қайрат» Академиясының түлегі Еуропаның басты клубтық жарысында алғашқы голын соқты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды. Гол соққан сәтте Дастанның жасы 17 жас 110 күн еді – бұл көрсеткіш бойынша ол тек «Барселона» футболшыларына ғана жол береді.
SportInfo,
26 ноября 2025
в 13:16
«Қайрат» қорғаушысы матч алды баспасөз мәслихатында «Копенгагенге» қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір айтып, журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды. — Біз осында, Чемпиондар лигасына оралғанымызға қуаныштымыз. Ертең бізді «Копенгагенмен» өтетін маңызды ойын күтіп тұр.
SportInfo,
24 ноября 2025
в 14:36
Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындар аясында еркін күрестен сайыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір «алтын», бір «күміс» және үш «қола». Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
20 ноября 2025
в 10:06
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.
SportInfo,
17 ноября 2025
в 12:46
Бахрейннің Манама қаласында ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшы Наталья Гончарова әйелдер арасындағы шпагадан 50 жастан асқандар арасында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясы сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
17 ноября 2025
в 10:26
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды. Бұл туралы Sportinfo. kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.
SportInfo,
11 ноября 2025
в 13:16
«Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин командадағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. Ол қақпашы Дмитрий Челядниктің клубтан кетуі, қорғаушы Виктор Мудрактың жағдайы және жаңа маусымға дайындық мерзімі туралы түсініктеме берді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
07 ноября 2025
в 06:56
Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.
SportInfo,
06 ноября 2025
в 09:06
28 жастағы жартылай қорғаушыға басқа командалардан ұсыныстар келіп түсуде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды. Валерийдің өзі Түркия Суперлигасында бақ сынап көруге қарсы емес екен. Осы себептенде беларус «Қайраттағы» келісім шартын ұзартуға асықпай отыр. Айта кетейік, Громыко «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
SportInfo,
31 октября 2025
в 11:26
Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Усиде өткен Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, соңғы алты жылдағы үздік нәтижені тіркеді. Нодира Ахмедова (-49 кг) мен Айдана Құмартаева (-46 кг) Қазақстанға ұзақ үзілістен кейін Әлем чемпионатының медалін сыйлады. Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатынан соңғы рет 2019 жылы медальмен оралған.
SportInfo,
16 октября 2025
в 23:26
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүние салғаны туралы хабарлайды: Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы. ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласына шұғыл аттанады.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Абай облысының 5 мыңнан астам азаматы жаңа үлгідегі паспорт алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шілде айының ортасынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықталған паспорттарды ала бастады.Бұл өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілді.«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі азаматтардың паспорттары мен азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа қорғаныш элементтерін енгізуді пысықтады.Соның нәтижесінде, Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады.
Arna Press,
19 августа 2025
в 12:28
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.«Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады», — деп мәлімдеді ведомство.Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді.
EKaraganda.kz,
12 августа 2025
в 11:05
Дата проведения Конкурса «03» сентября 2025 года в _15-00_ часов местного времени по адресу: Республика Казахстан, город Караганда, улица Алиханова, 4, 113 кабинет. Приема конкурсных заявок: с «12» августа по «02» сентября 2025 года.Информация по инвестиционному проекту и условиям конкурса размещена на сайте spk-saryarka.kz.«Сарыарқа» ӘКК «АҚ Балқаш қаласында ауданы – 5,5152 га жер учаскесіне «Қарағанды облысының Балқаш қаласында кемінде 60 нөмірлі нөмірлі қоры бар» 4 «және» 5» Жұлдыздар санатындағы қонақ үйді жобалау және салу « инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру үшін серіктес таңдау бойынша конкурс жариялайды.Конкурсты өткізу күні: 2025 жылғы «03» қыркүйек, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4, 113 каб.Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың «12» тамыздан «02» қыркүйекке дейін.Инвестициялық жоба және конкурс шарттары бойынша ақпарат spk-saryarka.kz сайтында орналастырылған.
Arna Press,
14 июля 2025
в 14:18
Семейде полицейлер зейнеткерге қатысты жасалған алаяқтық қылмысын әшкереледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 76 жастағы қала тұрғынына қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдіктіні анықтады.Тергеу барысында зейнеткердің үй телефонына бейтаныс нөмірден қоңырау шалынып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адам оның немересі жол апатына түсті деген жалған ақпарат жеткізгені анықталды. Әйелді адастырып, мәселені «бейбіт жолмен шешу» үшін ақша талап еткен.
Arna Press,
13 июня 2025
в 17:18
Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіРесей Федерациясы көші-қон үдерістерін бақылауды күшейту және ел ішіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресейге кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізудің екінші кезеңін іске қосады.
Arna Press,
13 июня 2025
в 13:28
Семей тұрғынынан заңсыз сақталған травматикалық тапанша тәркіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне Семей қаласында тұратын азаматтың заңмен тыйым салынған заттарды сақтап отырғаны жөнінде жедел ақпарат келіп түсті.Аталған ақпаратты тексеру барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады – ол 65 жастағы семейлік тұрғын болып шықты.
Магнолия,
09 июня 2025
в 13:38
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Ол жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген бес бөлімнен тұрады. Әдеп қағидаларын заңнамалық тұрғыдан бекіту жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әдеп кодексі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде адамгершілік және мораль мәселелеріне жақын. Әдеп қағидаттары мен стандарттарының сақталуы қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Магнолия,
09 июня 2025
в 13:28
Елімізде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар, атап айтқанда осы күні қазақ халқының тағдыры және тілі үшін күрескен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Тіл туралы» Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» – деген.
Arna Press,
17 апреля 2025
в 14:58
Абай облысында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған жаңа кеңес құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы отырыс осы саладағы жаңа бағыттарды айқындап, қоғамдық күштерді жұмылдыруды мақсат етті.Кеңестің құрамы қоғамда ықпалы бар түрлі саланың өкілдерінен жасақталған.