Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.
Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтаса, Даниль Васильев 235,9 ұпай жинап, 27-орынға тұрақтады.
Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды — 301,8 ұпай. Жапониялық Никайдо Рэн (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томасяк үздік үштікті түйіндеді — 291,2.
По сообщению сайта SportInfo