Популярные темы

Елизавета Безрукова Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль иеленді

Дата: сегодня в 18:26 Категория: Новости спорта


Елизавета Безрукова Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль иеленді

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясы сілтеме жасап хабарлайды.

Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыс барысында 623.4 ұпай жинады.

50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер: 

1. Елизавета Безрукова (Қазақстан)

2. Сифт Каур Самра (Үндістан) 

3. Тежасвани Савант (Үндістан) 

Осы бағдарламаның командалық есебінде Қазақстан құрамасы (Елизавета Безрукова, Арина Малиновская, Софья Шульженко) күміс жүлдегер атанды.

Командалық нәтиже: 

1. Үндістан (1862.9 балл)

2. Қазақстан (1862.8 балл)

Сонымен қатар жасөспірімдер санатындағы бұл дисциплинада Қазақстан үстемдік көрсетті. Отандасымыз Томирис Аманова алтыннан алқа тақты. Ал Дарья Пономаренко күміс жүлдеге ие болды.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями