Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.
15 шақырымдық қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Милана Генёва мен Айша Ракишева бақ сынады.
Милана Генёва жарысты 89-орында, ал Айша Ракишева 86-орында аяқтады. Екі спортшы да төрт ату кезеңінде тоғыз реттен нысанадан мүлт кетті.
Франциялық Жюлия Симон Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені оның отандасы Лу Жанмонно иеленсе, қола медальді күтпеген жерден болгариялық Лора Христова жеңіп алды.
По сообщению сайта SportInfo