Популярные темы

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар жекелей сайыста өнер көрсетті

Дата: 13 февраля 2026 в 18:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар жекелей сайыста өнер көрсетті

Шаңғы жарысынан Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында кезекті мәрте жарыс жолына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало 10 шақырымдық жеке уақыт бойынша жарыста өнер көрсетті.

Нәтижесінде Әмірғали Мұратбеков 22:38.2 уақыт көрсеткішімен 43-орынға тұрақтаса, Виталий Пухкало 23:25.9 нәтижесімен 57-орынды иеленді. Ал Наиль Башмаков 24:27.8 уақытпен 74-орыннан көрінді.

Алтын медальді норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды — 20:36.2. Бұл оның Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Күміс медаль франциялық Матис Деложға бұйырды (20:41.1), ал қола жүлдені норвегиялық Эйнар Хедегарт иеленді — 20:52.2.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями