Популярные темы

ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды

Дата: сегодня в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады деп хабарлайды Аrnapress.kz Тенгринюсқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады комитет өкілдері.

Жақсылық Омарға нақты қандай күдік тағылғаны әзірге нақтыланбады. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған. Бұған дейін облыс әкіміне кеңесші болған. 2018–2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарса, одан бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.

Фото: ШҚО облысының әкімдігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями