Ауа-райы қолайсыздығынан семейліктер бүгін түнде электр қуатынсыз қалып, тіпті кейбіреулердің үйлері шатырсыз қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Апат Семей қаласында, Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарында тіркелді. Үзілген сәттен бастап, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан авариялық қызметтер, сол үзілген желілерді, электроэнергияны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп 1-1,5 сағаттың ішінде қалпына келтірді», — деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов.Қазіргі уақытта барлығы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.