Популярные темы

Мемлекеттік қызметшілер әдебі

Дата: 19 марта 2024 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мемлекеттік қызметшілер әдебі
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік қызметкердің әдебі – өте маңызды ұғым. Өйткені, мемлекеттік қызметкердің тәртібі мен өзін-өзі ұстауына, кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым-қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан, елімізде мемлекеттік қызмет атқаратын мамандардың, әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметкерлер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.    Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебі адал ниет, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық қағидаларына негізделген.    Мемлекеттік қызметкерлер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар  қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде  мекендес, туыстық және жеке басына берілген белгілері бойынша артықшылықтарды көрсетпеуге тиіс.   Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір адамның қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті деп есептеймін...
Жамбыл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы М. Кожамжаров

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями