Популярные темы

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді

Дата: 20 марта 2024 в 20:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 20 наурызда өткен баспасөз конференциясында әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздерінде ойналатын музыка тізіміне қазақ күйлерін қосқанын да жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады. 

«Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күмбірлеген домбыраның әуезді үні бес құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр. Ұлы дала музыкасы көктем мерекесінің ғажайып атмосферасын қалыптастырып, бүкіл әлемге ізгіліктің шуақты нұрын шашты», — дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақ күйлерін Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Түркия, Грузия, Болгария, Сербия, Хорватия, Литва, Латвия, Мажарстан, Польша,Испания, Бразилия және АҚШ елдерінің радиостанциялары таратады.

Айта кетсек, биыл Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями