Популярные темы

ақпарат: новости — страница 2

Александр Бублик Штутгарттағы турнирді жартылай финалда аяқтады

SportInfo, 14 июня 2026 в 11:06

Александр Бублик Штутгарттағы турнирді жартылай финалда аяқтады
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың үшінші нөмірлі ойыншысы атанған қазақстандық теннисші финал жолдамасы үшін әлемнің тоғызыншы ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен кездесті.

Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты

SportInfo, 14 июня 2026 в 10:46

Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы атанған қазақстандық теннисші 1/4 финалда әлемнің 73-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

SportInfo, 13 июня 2026 в 05:46

Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыста үшінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 93-ракеткасы, франциялық Джованни Мпетши-Перрикармен кездесті.

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

SportInfo, 06 июня 2026 в 07:06

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты
Жұптық сында елдің үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының бас жүлдесіне таласады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Сюко Аояма (Жапония) / Лян Энь-Шо (Тайвань) тандемін қапы қалдырды.

Астанада «Өзіңнен баста» атты тегін әлеуметтік-спорттық жоба басталады

SportInfo, 05 июня 2026 в 13:36

Астанада «Өзіңнен баста» атты тегін әлеуметтік-спорттық жоба басталады
6 маусымнан бастап елордада салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған «Өзіңнен баста» атты жыл сайынғы тегін әлеуметтік-спорттық жоба бастау алады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бибісара Асаубаева — Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы

SportInfo, 05 июня 2026 в 10:46

Бибісара Асаубаева - Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы
Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды

SportInfo, 04 июня 2026 в 11:06

Ақтөбеде 21 елден келген 210 ойыншының қатысуымен халықаралық шахмат фестивалі басталды
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Arna Press, 02 июня 2026 в 19:48

Парламент Мәжілісінің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжіліске сілтеме жасап. Байқауға 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың 12 маусымы аралығында жарық көрген немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталады.

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогына» Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам жас шахматшы қатысты

SportInfo, 01 июня 2026 в 13:36

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогына» Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам жас шахматшы қатысты
Елордада өңірлерден келген 100-ден астам жас спортшының басын қосқан «Динара Сәдуақасованың шахмат кубогы – 2026» республикалық турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша FIDE халықаралық рейтингін есептей отырып ұйымдастырылды. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

SportInfo, 26 мая 2026 в 11:16

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді.

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жігерлі жеңіспен бастады

SportInfo, 26 мая 2026 в 10:06

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирін жігерлі жеңіспен бастады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№76 WTA) Франция ашық чемпионатының екінші айналымына сәтті өтті. Бастапқы кездесуде отандасымыз әлемдік рейтингте 58-орында тұрған Австралия өкілі Талия Гибсоннан басым түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы ITF титулы: 14 жасар Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

SportInfo, 25 мая 2026 в 12:26

Алғашқы ITF титулы: 14 жасар Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Айта кетейік, бұл бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған болатын. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Жетісу» теннис орталығының 14 жасар тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі.

16 жасар Даниель Юрекли Чолпон-Атадағы ITF J30 турнирінде топ жарды

SportInfo, 25 мая 2026 в 12:07

16 жасар Даниель Юрекли Чолпон-Атадағы ITF J30 турнирінде топ жарды
Теннистен Қазақстанның 16 жастағы өкілі Даниель Юрекли Чолпон-Ата қаласында (Қырғызстан) мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) сериясындағы халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған жарыста отандасымыз бірінші нөмірлі фаворит ретінде өнер көрсетті.

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:56

Астанада «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің финалдық кезеңіне шықты

SportInfo, 22 мая 2026 в 10:26

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің финалдық кезеңіне шықты
Теннистен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды. Шымкентте өтіп жатқан Азия/Мұхит жағалауы аймақтық іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алған отандастарымыз әлемдік біріншіліктің шешуші сатысына мерзімінен бұрын өтті.

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Arna Press, 21 мая 2026 в 15:48

Абай облысында мәдениет саласының үздіктері марапатталды
21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Абай облысының әкімі Берік Уәли сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шара барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен марапаттар табысталды.

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп Junior Davis Cup плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

SportInfo, 21 мая 2026 в 08:46

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп Junior Davis Cup плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия/Мұхит жағалауы аймағы бойынша топтық кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы турнирдің екінші нөмірлі командасы саналған Оңтүстік Кореяны қапы қалдырып, плей-офф сатысына өз тобынан бірінші орынмен жолдама алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Кореялық теннисшілерге қарсы кездесу ұзаққа созылды.

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады

SportInfo, 21 мая 2026 в 08:26

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда. Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.

Қазақстанның 17 өңірінде «Халық әуені» жобасы өтеді

Arna Press, 19 мая 2026 в 13:28

Қазақстанның 17 өңірінде
Қазақстанның 17 өңірінде «Халық әуені» атты ауқымды концерттік жоба өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын концерттік тур 2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында өтпек.Жоба аясында еліміздің концерттік ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары өңірлерді аралап, аудан орталықтары мен моноқалаларда өнер көрсетеді. Әр ұжым үш елді мекенде концерт қойып, жалпы көрерменге 51 тегін концерттік бағдарлама ұсынылады.Концерттер жанды дауыста өтеді.

Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды

SportInfo, 18 мая 2026 в 11:06

Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
Шымкентте 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Billie Jean King Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) мәресіне жетті. Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады.

«Саурылмаған, қаппен қалған»: Семейдегі белгілі бір кешен тұрғындарының көшеттерге наразылығы

Arna Press, 14 мая 2026 в 14:58

“Саурылмаған, қаппен қалған”: Семейдегі белгілі бір кешен тұрғындарының көшеттерге наразылығы
Семейдегі Қарағайлы 74 шағын аудан тұрғындарының тағы бір жанайқайы редакциямызға келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Тұрғындардың айтуынша, өткен жылдың қараша айында аула аумағына тоғай көшеттері отырғызылған. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, егілген талдардың барлығы делік қурап кеткен.«Аула маңындағы егілген тоғайлар мүлдем қурап қалды. Қазір оларды қоқысқа тастаудан басқа амал жоқ сияқты. Қаншама еңбек пен қаржы далаға кетіп жатыр.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

SportInfo, 14 мая 2026 в 10:36

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейінгілер) Шымкентте өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетуде. Шешуші матчта Тайланд командасын тізе бүктірген Ярослава Шведованың шәкірттері турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан шахмат чемпионаты: жасөспірімдер алтын алды

SportInfo, 13 мая 2026 в 14:16

Қазақстан шахмат чемпионаты: жасөспірімдер алтын алды
12 мамырда Астанада классикалық шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Чемпиондар — 15 жастағы Сауат Нұрғалиев және 16 жастағы Зарина Нұрғалиева. Регламент бойынша чемпионаттың жүлдегерлері олимпиадалық құрамаларға қабылданады. Сауат 15 жасында елдің негізгі құрамына енеді — қазақстандық құрамаларда мұндай жас ойыншылар әлі болмаған.

Тарихи дебют: Қазақстан чемпионы тұңғыш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді

SportInfo, 13 мая 2026 в 12:26

Тарихи дебют: Қазақстан чемпионы тұңғыш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді
Қазақстан киберфутболы өз тарихында жаңа белес бағындыруда. Тарихта тұңғыш рет өткен еҚПЛ жарысының жеңімпазы, «Шахтер» клубының өкілі Данияр «DAN1K» Шарабадин Еуропадағы ең беделді киберфутбол жарыстарының бірі – eChampions League турниріне қатысатын алғашқы ойыншы атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KFF Esports сілтеме жасап хабарлайды.

Стенд атудан Әсем Орынбай Әлем кубогында топ жарды

SportInfo, 05 мая 2026 в 17:36

Стенд атудан Әсем Орынбай Әлем кубогында топ жарды
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында жалғасып жатқан әлем кубогында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. «Скит» сайысында сынға түскен Әсем Орынбай финалдық кезеңде қарсыластарын артқа қалдырып, чемпион атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іріктеу кезеңінен сүрінбей шыққан 8 спортшы финалда бірнеше айналым бойы өзара сайысқа түсті.

Өскеменде жарылыс болды

Arna Press, 05 мая 2026 в 11:58

Өскеменде жарылыс болды
Өскеменде төтенше жағдай: қаладағы зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Arnapress.kz«Өскемен қаласының зауыттың аумағында, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану және ішінара опырылу орын алды.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады

SportInfo, 30 апреля 2026 в 10:56

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде сегіз медаль бар. Оның біреуі — алтын жүлде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Алтын медальді 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков жеңіп алды.

Ришат пен Рашид Хайбуллин қола жүлдеге ие болды

SportInfo, 29 апреля 2026 в 19:56

Ришат пен Рашид Хайбуллин қола жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының екінші медалін жеңіп алды.Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қытайдың Санья қаласында ерлер арасындағы эстафеталық сайыста қола жүлде сарапқа салынды. Бұл кезеңге Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин мен Рашид Хайбуллин жұбы жолдама алды.

Два масштабных забега ждут Караганду и Темиртау

EKaraganda.kz, 29 апреля 2026 в 18:35

Два масштабных забега ждут Караганду и Темиртау
Забег в Караганде в этом году посвятили сразу нескольким важным датам: 81-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне, Дню защитника Отечества, а также 95-летию областных газет «Индустриальная Караганда» и «Орталық Қазақстан». Эта эстафета берет начало еще с 1945 года и остается одним из самых массовых спортивных мероприятий региона, объединяя поколения карагандинцев.Торжественное открытие состоится 2 мая в 10:30 на площади перед флагштоком по улице Сарыарка, а старт первым участникам дадут в 11:00.

Үш қазақстандық команда спорттық құзға өрмелеуден жағажай Азиадасының 1/8 финалына өтті

SportInfo, 29 апреля 2026 в 10:36

Үш қазақстандық команда спорттық құзға өрмелеуден жағажай Азиадасының 1/8 финалына өтті
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден эстафеталық бәсекелер басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан екі жұп қатысты. Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина үздік мүмкіндіктерінде 16.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 8-орынмен 1/8 финалға жолдама алды.
Показано 30 новостей из 381