Arna Press,
20 ноября 2026
в 16:28
2026 жылғы қазан-қараша айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Абай облысы мен еліміздің 10 өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz комитетке сілтеме жасап. Атап айтқанда, арнайы іс-шаралар Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында жүзеге асырылды.Нәтижесінде жалпы 45 бірлік атыс қаруы тәркіленді.
Arna Press,
18 ноября 2026
в 16:18
Жаңа қаламгерлерді анықтап, олардың шығармашылығын қолдауға бағытталған «Қала хикаялары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты – қала мәдениетін, заманауи қоғамдағы өзгерістерді, адам өмірін, ұлттық болмыс пен қазіргі құндылықтардың сабақтастығын көркем әдебиет арқылы бейнелейтін жаңа шығармаларды қолдау.Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысушылардан қала прозасы жанрында жазылған, бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қабылданады.
Arna Press,
18 ноября 2026
в 13:18
Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында онлайн-платформалар мен масс-медиа саласын реттеуге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Arnaprres.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, ұсынылған түзетулер цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, онлайн-платформалардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.Заң жобаларына сәйкес, онлайн-платформаларға Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде өкілдік ашу міндетін енгізу ұсынылады.
Arna Press,
16 ноября 2026
в 15:18
Қазақстанда риелторлық қызметтің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа шаралар әзірленуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастығына сілтеме жасап.
Arna Press,
11 ноября 2026
в 18:08
Қайғылы оқиға 11 қараша күні сағат 13:53 шамасында Семей қаласында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 60 жастағы ер адам биіктіктен құлау салдарынан қаза тапқан.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
11 ноября 2026
в 16:48
Абай облысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Ринат Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Ол 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.Ведомство мәліметінше, 7 қарашада жоғалған азаматтың 69 жастағы әкесі «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған.Іздестіру шаралары барысында 9 қарашада Бородулиха ауданына қарасты Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан Ринат Ахметов мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылған.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру және жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Іздеу жұмыстары көлік табылған аумаққа жақын жерлерде де жүргізілуде.Полиция Ринат Ахметовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды немесе 4 қарашадан бері оны не көлігін көрген адамдарды «102» нөміріне хабарласуға шақырады.Фото: Жасанды интеллект арқылы
EKaraganda.kz,
11 ноября 2026
в 15:15
Аталған сайлаудың өткізу тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген. Сайлау тағайындалған сәттен бастап Қарағанды облысының прокуратурасы осы сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды (2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт – сайлаушыларды белгілі бір кандидатқа, саяси партияға дауыс беруге немесе оларға қарсы дауыс беруге қатысуға ынталандыру мақсатын көздейтін қызмет екенін түсіндіреміз.Бұл ретте заңнамада кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік беретін және оны қорғайтын, сондай-ақ олар туралы жалған мәліметтерден қорғайтын нормалар көзделген.Атап айтқанда, депутаттыққа кандидаттарға немесе олардың сенім білдірілген адамдарына, саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру барысында кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 103-бабында жауаптылық көзделген.Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлау нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау ӘҚБтК-нің 104-бабы бойынша жазаға әкеп соғады.Өз кезегінде, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметіне байланысты жазбаша келісімінсіз қызметтер көрсетуіне тыйым салынады және бұл ӘҚБтК-нің 118-бабы бойынша құқық бұзушылық құрамын құрайды.Аталған Конституциялық заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгітті сайлаушыларға тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікті шарттармен ұсынумен, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізумен, ақша төлеумен не осындай игіліктерді беруге уәде етумен ұштастыра жүргізуге де тыйым салынады.Бұл әрекеттер сайлаушыларды сатып алу және сайлау алдындағы үгітті тиісінше жүргізбеу, оны өткізу шарттарын бұзу ретінде сараланады және ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша жазаға әкеп соғады.Сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, төсбелгілерді, тулар мен жалаушаларды тегін тарату бұған жатпайды.Сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы жүргізу шарттары осы заңның 27-бабының 7 және 7-1-тармақтарында бекітілгенін ерекше атап өтеміз, оларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары:– кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға;– кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуға; – аталған тұлғаларға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды баспа басылымының жақын арадағы нөмірінде теріске шығарылатын хабарлама немесе материал жарияланған көлемде, сол қаріппен және сол орында тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.Осы талаптарды сақтамау ӘҚБтК-нің 112-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде мынадай құқық бұзушылық құрамдары да кең таралған:– ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша анонимдік үгіттеу материалдарын, яғни аталған Конституциялық заңның 28-бабы 5-тармағында талап етілген міндетті деректемелері жоқ материалдарды дайындау немесе тарату (барлық үгіттік баспа материалдарында оларды шығарған ұйым, басып шығарылған орны мен таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс).Бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушыларға олар үгіттеу материалдарын шарт негізінде дайындаған жағдайда қолданылады.– ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіттеу материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру.– ӘҚБтК-нің 120-бабы бойынша сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу.Сонымен қатар сот депутаттыққа кандидаттардың немесе олардың сенім білдірілген адамдарының, саяси партиялардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратуы, сондай-ақ сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған жағдайда әкімшілік жауаптылық қана көзделмейтінін ескеру қажет. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабының талаптарына сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар тиісті сайлау комиссияларының осы кандидаттарды немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімдерінің күшін жоюға не адамды партиялық тізімнен шығаруға әкеп соғады.Бұл ретте сайлау құқықтарына қол сұғатын барлық құқық бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 101–126-баптары) бойынша іс қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жататынын атап өтеміз (ӘҚБтК-нің 805-бабы).Сонымен бірге азаматтар өздерінің сайлау құқықтары бұзылған жағдайда сотқа тікелей өз бетінше жүгінуге құқылы (ӘҚБтК-нің 807-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы).Бұл жағдайда осы санаттағы істерді соттар бірден (прокурордың қаулысыз), бірақ прокурордың міндетті қатысуымен қарайды (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамдары бойынша: ӘҚБтК-нің 101–126-баптары).2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлаудың қоғам мен тұтастай ел үшін ерекше маңызы мен мәнін ескере отырып, оны өткізу барысында сайлау науқанының барлық қатысушылары заңда белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша біз заңда көзделген барлық құқықтық шараларды қабылдайтын боламыз. Қарағанды облыс прокуратурасы
EKaraganda.kz,
05 ноября 2026
в 18:35
Фестиваль аясында өңіріміздегі креатор-кәсіпкерлердің, қолөнершілердің, суретшілер мен стартап-жобалардың 20-ға жуық экспозициясы, қазақстандық дизайнерлердің сән топтамалары мен музей жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылып, түрлі бағыттағы шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Көрме өңірдегі креативті индустриялардың сан қырлы әлеуетін танытты.
Arna Press,
07 сентября 2026
в 14:28
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде: Үздік волонтерлік ұйым. Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы.
SportInfo,
05 сентября 2026
в 11:16
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды.
SportInfo,
04 сентября 2026
в 17:26
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Алыптар сайысы» бойынша Қазақстан намысын қорғаған Вадим Макарцов үздік үштіктен көрініп, қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. TELEGRAM
SportInfo,
04 сентября 2026
в 15:36
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел намысын қорғаған қос спортшымыз күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
04 сентября 2026
в 15:27
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Akorda.kz (KZ),
04 сентября 2026
в 15:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
04 сентября 2026
в 11:18
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.
Arna Press,
02 сентября 2026
в 18:18
«Абай ұлттық мектебіне» қатысты жағдай Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің бақылауында, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.Министрлік мәліметінше, мектеп директорсыз қалған жоқ. Қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы тағайындалып, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген.2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды.
SportInfo,
01 сентября 2026
в 12:38
5 қыркүйекте елордада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Night Run» бұқаралық түнгі жүгірісі өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет.
Akorda.kz (KZ),
31 августа 2026
в 14:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
SportInfo,
31 августа 2026
в 12:27
15 жастағы қазақстандық шахматшы Сауат Нұрғалиев Испаниядағы XXVII Open Internacional de Sants – Ciutat de Barcelona турнирінде екінші орынды иеленді, сондай-ақ екінші гроссмейстерлік норманы орындады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
27 августа 2026
в 15:08
ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша сыйақыларға 5% салық енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.Сондай-ақ ҚР Үкіметі аталған норманың күшін жоюды немесе депозиттер бойынша алынатын сыйақыларға салық енгізуді қарастырып жатқан жоқ.Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенген жөн.Фото: ЖИ
SportInfo,
27 августа 2026
в 11:06
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Arna Press,
24 августа 2026
в 12:38
Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kzПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған.
SportInfo,
21 августа 2026
в 15:56
Алматылық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділжан турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің финалына шықты.
SportInfo,
21 августа 2026
в 15:07
Алматыдағы «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ корттарында 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық іріктеу турнирі жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
21 августа 2026
в 14:28
Қазақстан азаматтарына Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесі бойынша іріктеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Практикалық іріктеу Алматы қаласында EPS орталығы ашылғаннан кейін басталады.
SportInfo,
20 августа 2026
в 11:47
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы командалық Қазақстан Кубогы жалғасуда. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызда аяқталады. Турнирге еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысуда. Әр команданың құрамында үш ұл, үш қыз және екі капитан бар.
Arna Press,
19 августа 2026
в 14:38
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» отандық әдебиет, кітап басып шығару және цифрлық оқу технологиялары саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған грант байқауын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.Байқау аясында: * 10 грант беріледі; * әр грант көлемі — 5 млн теңге; * жалпы грант қоры — 50 млн теңге.Байқауға комикс, балалар әдебиеті, көркем әдебиет және басқа да әдеби жанрлар бойынша жобалар мен авторлар, сондай-ақ LitTech бағытындағы цифрлық шешім әзірлеушілер қатыса алады.Сонымен қатар мәдени-демалыс, кітапхана, баспа, музей, IT және ойын әзірлеу салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.Маңызды талап: өтініш беруші Қазақстанда тіркеліп, QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасындағы креативті индустрия субъектілерінің тізіліміне енгізілген болуы керек.Өтінім қабылдау мерзімі:.
SportInfo,
17 августа 2026
в 16:15
Алматыда университеттер арасындағы шахматтан 2026 жылғы әлемдік командалық чемпионат аяқталуға жақын. 9 тамызда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Қазақстандық KNUS командасы үшінші орын үшін күреседі, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
17 августа 2026
в 11:38
2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған алапат өрт ел жадында ауыр із қалдырғаны белгілі. Қызметтік міндетін атқару барысында 15 орман қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиға табиғи апаттың ауқымын ғана емес, адам өмірінің қаншалықты қымбат екенін де көрсетті. Осы қасіретті оқиға «38.
Arna Press,
13 августа 2026
в 11:08
Қазақстанда электронды тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, оларды заңсыз әкелу, сақтау және сату фактілері әлі де анықталуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМА сілтеме жасап. Әсіресе бұл өнімдердің жастар мен кәмелетке толмағандар арасында таралуы алаңдатады.Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптердің заңсыз айналымына қатысты 25 деректі тоқтатты. Қазіргі таңда 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.