Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісті.
Отандасымыз жекпе-жек бойы салқынқанды қимылдап, қарсыласының адымын аштырмады. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Абылайханға берді.
По сообщению сайта SportInfo