Популярные темы

Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Дата: вчера в 10:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаға қарсы ойнады.

Матч үш сетке созылып, Анна мен Александраның 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен оның жұптасы бір эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін Данилина мен Крунич эстониялық Ингрид Нейл мен мексикалық Джулиана Олмос және норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Куинн Глисон жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями